Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Дін хақында + видео)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Дін хақында + видео)

Раббысына алақан жайыпты құл,
Біздің ғұмыр-алдамшы,ғайып ғұмыр!
...Қысылған кезде ғана дінді іздетпей,
Мұсылман деген атқа лайықты қыл!

Адастырма адымды нақ басарда,
Жылтыраған қу тірлік жақты "осалға".
...Берекенің барлығы-құлшылықта,
Берекесіз қалудан сақташы,Алла!

Жауап таптым Құраннан сұрақтарға,
Оның іші толып тұр дүр ақпарға.
...Таудан құлат шыдаймын, талдан құлат,
Жайнамаздан бірақ та құлатпа,Алла!

Сақтағайсың шығудан қарсы көпке,
Сауап тірлік жасауды таңсық етпе.
...Білектегі күшімді азайт мейлі,
Жүректегі иманды әлсіретпе!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дін туралы өлеңдер, дін ислам туралы өлеңдер, Жандарбек Жұман Дін хақында өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]