Қазақша балалар өлеңі: Балдырған

Қазақша балалар өлеңі: Балдырған

Сөзі Н.Жанаевтікі
Әні Б.Дәлденбаевтікі

Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.

Алау болып жанамыз,
Құлыншақ боп шабамыз.
Балапандай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.

Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшу – ойымыз.
Біз бақытты балдырған,
Тойға ұласқан тойымыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақша балалар өлеңі, қазақша балалар әндері тегін жүктеу, казакша балалар андери, казакша олендер балаларга арналган, стихи для детей на казахском языке, Балдырған, балдырған әні минусовка скачать, балдырган ани скачать, балдырған әні текст

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]