Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Биіктер)

Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Биіктер)

Емшектен шықпай жүргенде:
"Бесіктен биік жоқ!"-деп ем.
Ойынға кірген күндерде:
"Есіктен биік жоқ!- деп ем.
Санатқа кірген жылдарда:
"Ауылдан биік жоқ!"- деп ем.
Көз тастап қарлы шыңдарға:
"Тауымнан биік жоқ!"-деп ем.
Біртіндеп сырын ашатын
Биіктер әсте көп екен...
Адамға шұғыла шашатын
Арманнан биік жоқ екен!!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
музафар алимбаев Биіктер олен стихи казахском мұзафар әлімбаев өлең, мұзафар әлімбаев өлеңдері, мұзафар әлімбаевтың өлеңдер жинағы, музафар алимбаев олендери казакша, музафар алимбаев стихи казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]