Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Сағатыңыз қанша болды?)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Сағатыңыз қанша болды?)

Аққан жұлдыз, өткен қызды бақылап,
Күттім оны, күттім оны не керек?!
Сағатыңыз қанша болды, жапырақ,
Сағатыңыз неше болды, көбелек?

Ол кешікті, жол кешіпті ол қалай,
Адасты ма, кір шалды ма қанатын?
Уақытты айтшы маған, толған ай,
Уақытты айтшы маған, қара түн!

Құлады ма, жылады ма, білмедім,
Сыңары ма, тұмары ма ол басқаның?
Сағат тілі қанша болды, гүлдерім,
Сағат тілі қанша болды, тастарым?

Жаңа жырым бар еді оған оқымақ,
Жаңа сыйым бар еді оған керемет.
Сағатыңыз қанша болды, жапырақ,
Сағатыңыз неше болды, көбелек?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Сағатыңыз қанша болды өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Сағатыңыз қанша болды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]