Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Асыл арман)

Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Асыл арман)

Арманым ақ сәулелі күнімбісің,
Әлде бір алаулаған гүлімбісің.
Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым айтарым көп саған менің.

Қ а й ы р м а с ы:

Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе, мен сенің
құдіретіңе түсінбедім.

Арманым құздан құлар бұлақпысың,
Әлде бір күлімдеген шырақпысың.
Әлде бір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Қ а й ы р м а с ы:

Арманым жүрегімнің жыры ма едің,
Жас ару жанарының нұры ма едің.
Әлде бір сазы ма едің домбырамның,
Қиялды асқар шыңға қондыратын.

Қ а й ы р м а с ы:

Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Бұл өмірде, бұл өмірде,
Мен жайқалған алау гүлмін,
Арманым күнде сені, арманым күнде сені
іздеп жүрмін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ескендір хасанғалиев Асыл арман өлең ән андери андер песни стихи на казахском ескендир хасангалиев казакша олен, ескендір хасанғалиев әндер ән өлеңдері сайты, стихи песни на казахском языке ескендир хасангалиев, ескендир хасангалиев олендери андери, ескендир хасангалиев андери, ескендир хасангалиев песни на казахском языке, Асыл арман

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]