Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Азамат)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Азамат)

Өмірғалиға
Жүзі қоңыр болғанмен,
аппақ оның жүрегі,
күлсе шындап күледі,
ал, күрсінсе — түн еді.
Шындық пенен әділдік –
оның жалғыз тілегі,
қиындықты көрсе де,
мұқалмаған жігері,
жұқармаған білегі.
Біздің елде осындай
бір азамат бар бүгін:
дау-шарларға қосылмай,
адал жанның барлығын
қастерлейді досындай.
Жайлайды оның жанын мұң
ел туралы қоршап ой.
Әттең, бауырларымның
бәрі сондай болса ғой…
Жалтақтықпен жауласар,
арамзамен арбасар
елге осындай ер керек!
Кім дейсің бе?
Ол біздің
Өмірғали Кенжебек!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Азамат өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Азамат, Азамат туралы олен өлең стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]