Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қайдасың)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қайдасың)

Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным

Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан
Әлі тұр гүлдер де
Самал жел шайқаған
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың қалқажан?!

Көруге жаралған
Сен бейне айнасың
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Қайдасың өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша песня, шәмші қалдаяқов өлеңдері әні, стихи песни на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери песня текст, Қайдасың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]