Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Көз жіберсем өткенге)

[quote]Құлағым елеңдейді ән дегенде,
Кежегем кейіп тартар мал дегенде.
Қалмайды қойға барсам ала мысық,
Ақ күшік арт жағымда дәндегендей.
Маған жолдас ақ күшік, ала мысық,
Ақ лақ үшеуі жүр бірге ілесіп,
Ақтиін, қоян қуса қоймаушы еді,
Мысығым мәулеп тұрар көзін қысып.
Үш достың біреуі еді ақ лағым,
Жарысып, озып алған нақ лағым.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Шың басындағы оқиға)


Бір-бірінен көз айырмай үздігіп
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.
Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,
Қанатыңа алғаныңа шаттанам.
Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа,
Енді өзің біл,
Сенсіз өмір жоқ маған! –
Деді сұлу жасаурап от жанары. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды)

Адасып келем,
дала асып келем елсізде
түн менен ойға қамалып,
Жусан иісінен нәр алып.
Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып.
Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр
ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Құтты болсын шаңырақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Құтты болсын шаңырақ,
Пана болсын жалғыз Xақ!
Қосағыңмен қоса ағар,
Өмірлерің болсын шат.
Адал жанға бақ қонар,
Еш адамды көрме жат!
Берер батам келінге,
Сүйкімді бол еліңе.
Ата-енеңді құрметте,
Қияңқы пейіл дегізбе!
Айтар сөзім балаға,
Ұмытпай сақта санаңа.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Әттеген-ай)

Ойнадым, ойнадым,
Ойынға тоймадым.
Шегім де бұралды,
Сонда үйге оралдым.
Мен жоқта үй іші
Екі рет шәй ішіп,
Тамағын пісіріп,
Табаққа түсіріп,
Өздері тойыпты,
Маған аз қойыпты.
Ет екен демедім,
Өкпелеп жемедім. Ал апам күлді де,.....
Өлеңдер
Толық
0 0