Шығарма: Аяулы анашым

Шығарма: Аяулы анашым

Атырау қаласы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
2 «Б»сынып оқушысы Амангелді Жанель
Сынып жетекшісі: Орыспаева Кенжегүл Қамидоллақызы
Дүниеде ең қымбат жан ол - ана. Мен анамды қатты жақсы көремін. Менің анам өте шебер,қолынан бәрі келеді. Аяулы анам мен үшін бәріне дайын. Ауырсамда, қуансамда әрқашан жанымда. Әрдайым мені жақсылыққа,әдептілікке үйретіп отырады. Анамның дайындаған тағамдары өте дәмді. Басымнан сипаса алақаны жұп-жұмсақ, еркелетіп құшақтаса,құшағы жып-жылы. Мен әрдайым анамды қуантқым келеді. Менің анам биші, әрі тігінші. Маған билер үйретеді және киімдер тігіп береді. Менде анам сияқты шебер болғым келеді. Менің аяулы анам ең мейірімді, ең қайырымды жан. Мен сабақты жақсы оқып,әдепті болып және анама көмектесіп оны қуантқым келеді. Мен бақытты баламын, себебі анам әрқашан қасымда. Барлық балаларға аналары қасында болып, бақытты болуын тілеймін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Аяулы анашым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Аяулы анашым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Аяулы анашым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]