Балабақша сабақ жоспары: Ертегілер еліндегі шалқан

Балабақша сабақ жоспары: Ертегілер еліндегі шалқан

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ертегілер еліндегі шалқан
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету.
Көрнекіліктер: Ертегі суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, сиқырлы қорапша, табиғи гүлдер, ағаштар, шалқан суреті.
Бингвилизм: қыс - зима, шалқан - репка

Жылулық шеңбері: «Қайырлы таң»
ҰОІӘ барысы: Музыка ырғағымен балалар кіріп орындықтарының жанына келіп тұрады.
- Балалар, қараңдаршы, біз ғажайып ертегілер еліне келіп қалдық, бізден бұрын апайлар келген екен, кәне қонақтармен амандасайық. Қайырлы таң, көк аспан, Қайырлы таң, жер ана. Қайырлы таң, алтын күн. Сәлеметсізбе!
Здравствуйте! - Балалар, ертегілер елінде қандай әдемі, мұнда бәрі бар. Мен ертегілер елінен келген ертегішімін. Қазір біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Менің соңымнан жүріңдер.
- Балалар қараңдаршы бұл не? (Бірінші ертегі ол Шұбар ала тауық.)
- Ол ертегі не туралы? Жарайсыңдар?
Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
- Мұнда не отыр? Бауырсақ кімнен қашып кетті? Оны не жеп қойды?
- Жарайсыңдар! Мына жерде не тұр? (үйшік). Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (аңдарды атайды)
- Дұрыс айтасыңдар. Балалар қараңдаршы, мында сиқырлы сандық жатыр. Оны ашып көрейік. Бұл не? (Шалқан). Енді осы ертегімен танысайық.
- Дұрыс, айтасыңдар, шалқан – репка(қәне, қайталайық).
- Өте жақсы, балалар! Енді мына суреттерге қараңдаршы. Не бейнеленген. Осы кесте арқылы біз «Шалқан» ертегісімен танысымаз. Содан кейін маған мазмұнын айтып бересіңдер.
Ертегіні оқу.
Балалар
- Шалқан қайда өсті?
- Ол қандай болды?
- Атайға кімдер көмектесті?
- Міне қандай тату – тәтті отбасы! Бір – біріне көмектесіп, өз туысқандарына қамқорлық көрсетеді.
- Ал сендар бір – бірлерімен доссыңдарма? Ендеше дос болайық!
Балалар мұқият тыңдап алғаннан кейін мазмұныны айтып береді.

Сергіту сәті.
Д. О.: «Қай кейіпкер жоқ?»
О. ш.: Ертегі кейіпкерлерінің біреуін алып тастап, жоғын айту. Балалар шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? (ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан).
- Қане, санайықшы неше кейіпкер екен? (алты)
Сұрақ - жауап тәсілі арқылы қорыту.
- Қандай ертегімен таныстық? (шалқан)
- Қандай ертегілер туралы жұмбақ жасырдық? (бауырсақ, шалқан)
- Ертегі сендерге ұнады ма? (ия).....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Ертегілер еліндегі шалқан арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Ертегілер еліндегі шалқан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]