Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3«Түлкі мен тырна» ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
2.5 Медиа құралдар арқылы тіл дамыту.
1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша кейіпкерлерді атайды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша ұнайтын/ұнамайтын себебін айта алады.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) «Алма» ертегісінің мәтінін ретімен қойып оқу.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Ұ) Оқушылар «Түлкі мен Тырна» ертегісін көрмес бұрын мұғалім олардан сұрайды:
• Бұл ертегі не туралы болуы мүмкін?
• Түлкі қандай жануар?
• Тырна қандай құс?
(Оқушылар болжап айтады.)
(Ұ) Ертегінің кадрларын тоқтатып ары қарай не болады деп сұрау.
Оқушылар бұл ертегіні орыс тілінде білуі мүмкін, сондықтан қазақ тілінде айтуға тырысады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын,
Елімізде тыныштық болсын.
(Қ) Деңгейі жоғары оқушылар ертегі мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Сол сұрақтарға басқа оқушылар жауап береді. Сұрақтар арқылы бағалау.
Мысалы:
• Түлкі кіммен дос болды?
• Ол кімді қонаққа шақырды?
• Қандай тамақ берді?
• Қандай ыдысқа салып берді? Неге?
(Т) Оқушылар топтарға бөлініп рөлдік ойын ойнайды. Топтар бірін-бірі өз пікірлерін айтып бағалайды.
Мысалы: Бізге топтың рөлдік ойыны ұнады/ұнамады, өйткені ........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]