Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері №2 (1 сынып, 6 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері №2  (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі кейіпкерлері №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді.
Көбі: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Кейбірі: Өз пікірін айту арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Ертегілерден үзінділер оқу оқушылар қандай ертегі екенін және кейіпкерлерін атайды.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Ойланайық! Оқушыларға жыл басының ертегі кейіпкерлерін көрсету және олардың атауларын сұрау.
• Қандай хайуандарды көріп тұрсың?
• Әр хайуан туралы не айта аласың?
(Ұ) «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тыңдау.
Келесі сұрақтарды талқылау:
• Ертегі қалай басталады?
• Хайуандар өздері туралы не айтады?
• Ертегіде жыл басы не болды?
• Неліктен тышқан, жыл басы болды?
• Түйе неге жыл басы бола алмады?
• Ал, неліктен басқа хайуанаттар жыл басы бола алмады?
• Қай кейіпкер саған ұнады/ұнамады?Неге?
СЕРГІТУ СӘТІ.
Саусақтарым бір-бірімен амандасайқ,
Саусақтардан гүл ашайық,
Саусақтарды ашып-жұмып,
А-Ә,Г-Ғ, Ү-Ұ, Н-Ң, К-Қ, О-Ө
Дыбыстарды дұрыс айтайық.
Тапсырма. Артығын тап.
Тапсырма. “Төлін тап”
Тапсырма. «Не қалай дыбыстайды?» ойыны
Тапсырма. “Мал қалай дыбыстайды?”.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңдар №4 (1 сынып, 4 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау №1 (1 сынып, 8 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы бәйтерегі №2 (1 сынып, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2 «Алма» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ертегі кейіпкерлері №2 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ертегі кейіпкерлері №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]