Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1 Орманға саяхат (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа  саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1 Орманға саяхат (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
2.1 Сөздік қорды толықтыру
2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өз сөзінде ақпаратты сұрайды. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Мұғалім «Менің өлкем» тақырыбына қатысты лексиканы қайталатады. Мысалы, жануарлар, құстар, гүлдер, ағаштар мен жәндіктер,т.б.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат.
-Сабағымыздың мақсаты:
• Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
• Өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.
(Ұ) Тыңдалым алды сөздік жұмысын орындау.
Оқушылар мәтінді тыңдайды.
Серуенге барғанда
Тимур, Алан және Инсар серуенге жиналды. Таза ауада балалар жақсы демалды.Тамақтанып болған соң Тимур судың бос ыдысын өзенге қарай лақтырып жіберді.
- Өзенге қоқыс тастауға болмайды, - деді Алан.
- Ештеңе етпейді. Сумен ағып кетеді ғой!
- Жоқ. Болмайды. Менің атам табиғатты ластау әдепсіздік деген.
- Иә, демалыс орындарында тазалық сақтау керек, -деді Инсар.
Тимур қателігін түсініп, достарынан кешірім сұрады.
(Ұ) Сұрақтарға жауап береді.
1. Балалар қайда барды?
2. Олар қалай демалды?
3. Тимурдың қолында не болды?
4. Ол не істеді?
5. Алан Тимурға не деп айтты?
6. Оны кім қолдады?
7. Тимурдың әрекеті қандай болды?
(Ж) Оқушылар жұпта демалу кезінде сақталатын әдеп ережелерін жазады. Әр жұп екі ереже жазады.
-Әңгіменің кейіпкерлері қайда барды деп ойлайсыңдар?
-Орманға.
-Орманда нелер болады?
Осы сурақтың жауабын сурет салу арқылы көрсетіңіздер. Жұпта отырған оқушылар ақ қағазға орманның суретін салып, айтады.
Жұпта бірін-бірі бағалайды.
СЕГІТУ СӘТІ
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар саяхат/таңдаған суреттер туралы қызықты сөздерді қолданып айта алады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат/суреттер туралы айтуда «Менің өлкем» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануға тырысады.
Үйге тарпсырма: «Серуенге барғанда» мәтінін
мазмұндау....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №2 Таулы аймақтарға саяхат (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №4 Астана – бас қала (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№3 Табиғи қорыққа саяхат (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (1-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу №1 (2 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1 Орманға саяхат 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1 Орманға саяхат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]