Сабақ жоспары (ұмж): Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.
БЫМ/С Оқушыларға ортағасырлық тарихи тұлғалардың портреттерін көрсетіп, Бұл адамдарды ортақ не байланыстырады?,-деген сұрақ төңірегінде ой бөлісуге шақыру. Осы ой-бөлісудің негізінде сабақ тақырыбына болжам жасату. Суреттерді көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсатын және бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

С. Бүкілсынып оқушыларын ғалымдар атауларына қарай бірнеше топтарға бөлу.
1 -топ Ұлықбек
2-топ Әлішер Науаи
3-топ Бабыр
Т. Оқушылар ортағасырлық ғалымдар туралы мәтінді жеке оқып, топта сұрақтар төңірегінде талдау жасайды.
1-топ.Неліктен Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне ықпал етті?
Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығы неде?
2-топ. Бабыр өзінің танымал еңбегі «Бабырнама» арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосты? «Бабырнама» еңбегінің қазақ халқы үшін маңыздылығы неде?
3-топ. Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келді?
Әлішер Науаи еңбектерінің бүгінгі күнгі маңыздылығы қандай? Әр топ сұрақтар бойынша зерттеген жұмыстарын сынып алдында жариялайды.
Ж. Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастырып, тақырыпты толық меңгеру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады.
Дескрипторлар:
• Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне қалай ықпал еткенін анықтайды;
• Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығын анықтайды;
• «Бабырнама» еңбегі арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосқанын анқтайды;
• Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келгенін анықтайды;
• Бабыр, Әлішер Науаи еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын анықтайды;
• Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады;......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек Әлішер Науаи Бабыр) 2-сабақ 6 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек Әлішер Науаи Бабыр) 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]