Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтар теориясының негіздері 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтар теориясының негіздері 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ықтималдықтар теориясының элементтері
Сабақ тақырыбы: Ықтималдықтар теориясының негіздері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.2 Элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
Кездейсоқ оқиғалардың түрлерін біледі;
Элементар және элементар емес оқиғаларды ажыратады;

1.Ұйымдастыру .
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
Мақсаты: оқушыларды сабаққа әзірлеу, қолайлы орта қалыптастыру.
2.Жаңа материалды меңгерту.
Мақсаты: негізгі ұғымдарды оқып үйрену
2.1 Оқушылардан өмірде қандай да бір оқиғаның пайда болу немесе болмауын қалай өлшейтіндігін сұралады. Олар қандай сөздерді немесе сөз тіркестерін қолданатындары жайлы ой бөліседі.
Жұптық жұмыс. Тапсырма : Берілген оқиғаларды пайда болу сипатына қарай кестеге орналастыру ұсынылады .

а) Адам жарты ғасыр өмір сүреді (жауабы: мүмкін емес)
ә) Тиынды лақтырғанда елтаңба жағы түседі. (тең мүмкіндікті)
б) Шілде айында Оралда қар жауады (мүмкін, бірақ өте сирек, яғни бұл оқиғаның мүмкіндігі. өте төмен)
в) Осы аптада мен тамақ ішемін (ақиқат).
г) Ойын сүйегін лақтырғанда 5 саны түседі (мүмкіндігі төмен, 2 саны ойын сүйегінің тек бір жағында, ал қалған бес жағында 2-ден өзге сандар).
ғ) Ойын сүйегін лақтырғанда жұп саны түседі (тең мүмкіндікті, өйткені жұп сандар мен тақ сандар саны тең).
Бағалау: үлгі бойынша жұптар бірін- бірі бағалайды;
Ұжымдық жұмыс.
2.2 Бейнематериал көру
Бейнематериалға қойылатын сұрақтар:
1) Кездейсоқ оқиғаларды қандай түрлерге ажыратамыз ;
2) Тиындарға байланысты элементар оқиғаларды атап көрсетіңіз;
3) Тиындарға байланысты мүмкін емес оқиғаны атаңыз;
Бағалау: жеке оқушыларды мұғалім бағалайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ оқиға 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдылық теориясының негіздері 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ оқиға 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ықтималдықтар теориясының негіздері 1-сабақ 9 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Ықтималдықтар теориясының негіздері 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]