Өмірбаян: Рахман Омар (1973 жылы 2 наурыз)

Өмірбаян: Рахман Омар (1973 жылы 2 наурыз)

Рахман Омар (2 наурыз, 1973 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2007). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1994 жылдан).
Рахман Омар 1973 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген.
1990 - 1994 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы театр және көркемсурет институтының) актер мамандығы бойынша бітірді.
1994 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Сахнадағы негізгі рөлдері
М.Әуезов «Жас Абай» – Абай, «Желсіз түнде жарық-ай» – Абай, «Қаралы сұлу» – ауыл баласы, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек, Т.Нұрмағанбетов «Біз түріктерміз»- Сабыр, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней»- Торсан, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Жантық, «Ақан сері – Ақтоқты» – шәкірт, С.Балғабаев «Мико, Жымбала және қасқыр» – Жымбала, «Қыз жиырмаға толғанда» – Есімсейіт, Ш.Айтматов «Жан азабы» – Мәңгүрт, Иран-Ғайып «Алтын Ажал» – Ғалижан, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» – Кәрім, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»- нұсқаушы, А.Кирий « Зона немесе шиебөрілер»-202-ші тұтқын, «Көп ішінде – жалғыздар» – Алдан, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сұңғат, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Сембин, «Карменсита»- Цун капитан, «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» – құс бейнесі, «Жамбылдың даңғыл да, тарғыл жолдары» – Қасым Тоғызақов, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Ахмет Хазин, т/б.
Марапаттары
2007 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
2016 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Рахман Омар туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Рахман Омар өмірі мен шығармашылығы, Рахман Омар биография омирбаяны акпарат малимет, Рахман Омар биография на казахском языке, Рахман Омар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]