Өмірбаян: Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қараша)

Өмірбаян: Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қараша)

Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған) - танымал кино және театр актері. тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Өмірбаяны
Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. Үйдегі тоғыз баланың кенжесі. 1997 ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. 2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.
Фильмографиясы
2001-2003 – «Қара шегіртке» - Ерлан
2008 – «Бақсы» - эпизод
2009 – «Ағайынды» - эпизод
2010 – «Жерұйық» - эпизод
2011 – «Дәрігер Ахметова» - Ринат
2011 – «Ғашық жүрек-2» - продюсер
2012 – «Сыныптастар» - Дәулет Егоров
2013 – «Парыз» - Нартай
2013 – «Бір кем дүние» - эпизод
2014 – «Қара шаңырақ» - Әлішер
2014 – «Абайлаңыз, сиыр!» - эпизод
2015 – «Рэкетир-2» - Қасым
2016 – «Үйге апарар жол» - эпизод
2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Ерлан
2017 – «Барлығы сен үшін» - Асқар
Марапаттары
2002 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты.
2014 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы.
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі.
Отбасы
Жары: актриса, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина, 1 ұлы бар.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Азамат Сатыбалды туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Азамат Сатыбалды өмірі мен шығармашылығы, Азамат Сатыбалды биография омирбаяны акпарат малимет, Азамат Сатыбалды биография на казахском языке, Азамат Сатыбалды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]