Өмірбаян: Гульмира Абдрашева

Өмірбаян: Гульмира Абдрашева

Гульмира Абдрашева – «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы.

2015 жылы құрылған «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы қазір еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе сияқты ірі қалаларында жұмыс істейді. Бірлестікті Астана тұрғыны Гульмира Абдрашева басқарады.

Биография
Гульмира Абдрашева Қостанай облысының Лисаков қаласында дүниеге келген. Әкесі – энергетик, анасы – медицина қызметкері. Отбасында екі қыз тәрбиеледі. Үлкені – Гүлмира. Қыздарды ата-анасы жастайынан үлкенге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тәрбиеледі. Жергілікті № 5 гимназияны тәмамдаған Гүлмира Бизнес және басқару институтына оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін Астанаға қоныс аударды. «ҚазМұнайГаз» компанисында 9 жыл қызмет етті. Былтыр өз еркімен жұмыстан кетіп, бизнеске бет бұрады, көп уақытын «Клуб добряков» қызметіне бөледі.

Тарих
Ол екі жыл бұрын Instagram әлеуметтік платформасының жоғары тиімділігін пайдаланып, көмекке мұқтаж жандардың базасы орналастырылған ашық топ құрады. Қайырымдылар клубының ұраны: «Қайда болсаң да, пайдаң тисін!». Клуб түрлі әлеуметтік маңызды хабарландырулар жариялайды.

Клубтың қан тапсыру керектігі туралы хабарландыруына бүкіл қала үн қосты деп айтуға болады. Бір мысал кетіретін болсақ, астаналық клубқа жалғызбасты ана хат жазып, қазіргі уақытта кіші баласымен ауруханада жатқандықтан, үйіндегі 8 жасар ұлын мектепке алып барып алып қайтуға көмек көрсетулерін сұрайды. Бұған бей-жай қарай алмаған екі қыз, анасы мен бауыры ауруханадан шыққанға дейін әлгі отбасыны қамқорлықтарына алады.
«Клуб добряков» атты қайырымдылық қозғалысын өз қалаларында көргісі келетін тұрғындардың сұрауы бойынша сол қалада клуб ашылады. Басқа 4 клуб солай пайда болды.

Гүлмираның айтуынша рухыңды ешбір дауыл сындыра алмайтын қайсарлық болу керек. «Менің Instagram парақшама жазылған көпшілік оқырман бізде бәрі керемет деп ойлайды, алайда олар менің жымиысымның артында қандай ауырлықтар барынан бейхабар»,-дейді Гүлмира.

Клубтың арқасында 30-дан астам адам жұмысқа орналастырылды. Отбасында бір немесе одан да көп мүгедек баласы барлар, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер клубтың тұрақты қамқорында.
Гүлмира әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, мұқтаж жандар мен үйі жоқ жануарларға тегін көмек көрсетеді. Қайырымдылық шаралары Гүлмираға ешқандай қаржылық пайда әкелмейді. Гүлмира Абдрашева қоғамға нағыз ақпейіл жанның қандай болатынын үлгі етіп жүр.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Гульмира Абдрашева туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Астана 100 жана есим тизими, Гульмира Абдрашева биография омирбаяны акпарат малимет, Гульмира Абдрашева биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Астана, Гульмира Абдрашева

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]