Өмірбаян: Серік Есматов

Өмірбаян: Серік Есматов

Серік Есматов – Қазақ туризм және спорт академиясының студенті, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны

Ол 1998 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бала кезінен жекпе-жекке қызыққан Серік бокс үйірмесіне барады. Көп ұзамай-ақ, ол жақсы нәтижелер көрсетіп, жасөспірімдердің олимпиада резервіне қабылданды. Сонымен қатар, жүзу мен велосипед спортымен шұғылданып, тіпті Қазақстанның жасөспірімдер біріншілігінде велосипед жеңіп алған. 2011 жылдың 30 тамызында қайғылы жағдай орын алып, Серік қос аяғынан айырылып қалды.

Ол қазірде волейболдан Қазақстан құрамасының капитаны.
Бапкерім Сергей Хохловты екінші әкем ретінде көремін. Ол ауған соғысының батыры, қос аяғын ауған жерінде қалдырып кеткен. Бірақ, бұл жайт оның еш сағын сындырмады. Сергей Анатольевич менімен көп жұмыс жасап, басынан жүруді үйретті. Аяғы жоқ адамдардың білуі тиіс көп нәрселерді ұғындырды. Бүгінде ол менің – басты мотиваторым. Осы жасқа келіп, мойымаған жаттықтырушымды көріп, жап-жас боп менің еңсем түскені дұрыс емес екенін ұғындым.

Қазірде Серік көптеген спорт түрілерін меңгеріп алды. Волейбол ойнап, жеңіл атлетикамен де айналысып жүр. Арбамен жүгіруге қатысып, ядро мен найза лақтырады. Соңғы уақытта ауыр атлетика мен жүзу спортымен шұғылданып жүр.
2013 жылдың қазан айында Серік Малайзияда өткен ірі халықаралық жарысқа қатысты. Қазақстан спортшылары алғаш рет волейболдан паралимпиадалық турнирде қола медаль жеңіп алды. Оның қатарында 16 жастағы Серік те бар еді. Осы жетістіктен соң елімізде паралимпиаданың командалық спорт түрлеріне назар аударыла бастады. Серік Есматов көптеген бағдарламаларға шақырылып, тіпті Қазспорт арнасының жарнамалық ролигине де түсті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Серік Есматов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Алматы 100 жана есим тизими, Серик Есматов биография омирбаяны акпарат малимет, Серик Есматов биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Алматы, Серік Есматов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]