Қазақша өмірбаян: Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)

Қазақша өмірбаян: Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – Орал облысындағы Жаңғалы ауданының қазіргі Жиделі ауылында дүниеге келген. Күйші, композитор, домбырашы, күй жанрындағы қазақ инструментальды музыкасының классигі.

Құрманғазы күйлері халықтың көңілкүйі мен сол кезеңдегі қазақ қоғамының өмір шындығынан туды. Көреген Құрманғазы қазақ халқының әлеуметтік-психологиялық, сондай-ақ, қоғамдық-саяси өмірінің көлеңкелі жақтарын айыра білді. Күйші шығармашылығының өзекті тақырыбы – халық бостандығы мен жеке тұлғалардың бостандығы еді. Оның туындыларында ХІХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше мән беріледі.

Құрманғазы осы көтеріліске алғашқы шығармасының бірі – «Кішкентай» күйін арнады. Келесі күйлері – «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерінде өзі арман еткен халық бостандығы, әділетсіздікке деген ашу-ызасы, қоғамдық мүдделер қақтығысы көрініс табады. Құрманғазы туындыларында адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың ерекше әлеуметтік-психологиялық сәті айқын беріледі. «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» сияқты күйлерінде адам даусы мен табиғат ырғағы үйлесе үндеседі. Қуғын-сүргінге, қорлыққа ұшыраған күйшінің халықтың тәуелсіздігі мен бостандығы туралы толғанысынан «Сарыарқа» мен «Алатау» куйлері туады.

1880 жылы Құрманғазы Астрахандағы Сақма жеріне көшіп келеді. Көпті көрген, халыққа аса қадірлі ақсақал Құрманғазы айналасына Дина Нұрпейісова, Е. Есжанов, М.Сүлейменов сияқты талантты күйші шәкірттерін жинады. Құрманғазы шығармашылығының халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуында тарихи маңызы зор. Композитор шығармаларын зерттеу, оның мәдени, ғылыми, саяси мәнін зерделеу – болашақ ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпейтін мұра.
Беттер:
1 2 3

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
құрманғазы сағырбайұлы өмірі мен шығармашылығы, курмангазы сагырбайулы реферат на казахском языке, курмангазы сагырбайулы омирбаяны казакша, курмангазы сагырбайулы биография на казахском, құрманғазы сағырбайұлы өмірбаяны қазақша, құрманғазы сағырбайұлы туралы қазақша реферат, курмангазы сагырбайулы туралы казакша реферат, курмангазы сагырбайулы туралы казакша омирбаяны, құрманғазы сағырбайұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке курмангазы сагырбайулы, биография на казахском языке курмангазы сагырбайулы, биография на казахском языке, курмангазы сагырбайулы, реферат на казахском языке, құрманғазы сағырбайұлы туралы, қазақша реферат, құрманғазы сағырбайұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]