Алматыда жігітінен ұсыныс күтуден шаршаған бойжеткен жүкті болғанын көлігіне жазып кетті (фото)

Алматыда жігітінен ұсыныс күтуден шаршаған бойжеткен жүкті болғанын көлігіне жазып кетті (фото)

Алматының "Нұрлы тау" БО тұрағында ерекше жазбасы бар көлік жұртты өзіне қаратты. Онда белгісіз бойжеткен Даник есімді жігітіне аяғы ауыр екенін жазып кеткен.

Фото Арсен Шакуовтың Facebook парақшасында жарияланды деп хабарлайды nur.kz.

"Даникке бірден түсінердей етіп жеткізген. "Нұрлы тау" тұрағында Даник есімді жігітке хабарлама қалдырылыпты. Оның қандай ниетпен жазылғаны белгісіз" - дейді желі қолданушысы.

Қара көлікке ақ бояумен келесі сөздер жазылған: "Даник, менің сенен аяғым ауыр".

"Жігіт ұсыныс айтуға асықпағанның соңы осылай болады", - деп әзілдеді пікір қалдырушылардың бірі.

Кейін желіде Даниктің жауабы жазылған "Мерседестің" кезекті фотосы жүктелді.

"Маған тұрмысқа шық", - делінген көлікте.

Алматыда жігітінен ұсыныс күтуден шаршаған бойжеткен жүкті болғанын көлігіне жазып кетті (фото)

ФОТО: FACEBOOK.COM/ARSEN.SHAKUOV, FACEBOOK.COM / АНДРЕЙ МУН
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Даник, белгісіз, есімді, Нұрлы, тұрағында, жігітіне, жазып, FACEBOOK, Алматының, жазылған, кеткен, екенін, бойжеткен, жазбасы, ерекше, жұртты, көлік, қаратты, өзіне, пікір

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]