Қазақстандықтар банкноттарға тілектерін жазып жатыр

Қазақстандықтар банкноттарға тілектерін жазып жатыр

Қазақстандықтар ерекше сериялы 200 теңгелік банкноттарға тілектерін жазып жатыр. Тілектер жазылған банкноттардың суреттері Instagram желісіндегі "Жесть в Казахстане" парақшасында пайда болды.

Бұл ойынның қатысушылары сериялы нөмірінде 7 деген сан бар 200 теңгелік банкноттың жетеуін жинауы керек. Содан жиналған жеті банкноттың алтауы жұмсалып, жетіншісінде әр адам өз тілегін жазады. Ол адам бұл банкнотты тілегі орындалмағанша, ешқайда жұмсамайды.

Instagram желісінде жарияланған суреттерге қарағанда қазақстандықтардың біреуі тұрмысқа шыққысы келсе, келесі біреуі бала босанғысы келеді. Тағы бір қазақстандық Жандос есімді жігіттің оны әрдайым сүйіп, жанында болуын қалайды екен.

Қазақстандықтар банкноттарға тілектерін жазып жатыр

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Instagram, сериялы, теңгелік, парақшасында, желісіндегі, Казахстане, пайда, біреуі, Қазақстандықтар, банкноттың, болды, Жесть, суреттері, тілектерін, банкноттарға, жатыр, жазып, ерекше, банкноттардың, Тілектер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]