Салық төлемей жүрген отандық жұлдыздар анықталды

Салық төлемей жүрген отандық жұлдыздар анықталды

Бүркіт, Бейбіт Қорған және "Сұңқар" тобының мүшесі Тастан Асылбек Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жариялаған борышкерлердің тізімінде жүр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тізімге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге көлік, жер және мүлік салығы бойынша қарызы бар 250 265 жеке тұлға енгізілген.

"Борышкерлердің қатарында отандық эстрада жұлдыздары бар. Мәселен, әнші Бейбіт Қорғанның көлік салығы бойынша қарызы — 178 614 теңге, әнші Бүркіттің көлік салығы бойынша борышы —151 279 теңге, "Сұңқар" тобының әншісі Асылбек Тастанның көлік салығы бойынша қарызы — 17 960 теңге", — деп атап өтті департаменттегілер.

Барлық салық төлеушілерге ескерту жіберілді, бұған қоса әлеуметтік желілер арқылы да борышкерлер құлағдар етіледі. Мемлекеттік кірістер департаменті жеке меншік салығын төлеу мерзімі 31 қазанда, ал көлік салығының мерзімі 31 желтоқсанда өтіп кеткенін еске салады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бойынша, көлік, салығы, кірістер, департаменті, қарызы, Асылбек, Бейбіт, тобының, Сұңқар, теңге, Қазақстан, Sputnik, Бүркіт, хабарлайды, мерзімі, тізімінде, Алматы, Тастан, мүшесі, Бейбіт Қорған, Сұңқар тобы, Бүркіт пен Аиша, Бүркіт пен Аиша сурет

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]