«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады

«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады

«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Baistars.kz.

Белгілі болғандай әншілер 7 ақпан күні таңғы сағат 4-тер шамасында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылымен Lexus көлігімен Алма-Арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол көлік апатына ұшыраған.

Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жігер, апатына, көлік, әншілері, «Меломен», тобының, Ауыпбаев, хабарлайды, ұшырады, Baistars, зақым, жігітке, келмеді, тізгінде, отырған, топтағы, шетке, жатқан, жүргізіп, соққыдан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]