"Меломен" тобы ресейлік M-Band тобының бейнебаянын ұрлады деп айыпталды (видео)

"Меломен" тобы ресейлік M-Band тобының бейнебаянын ұрлады деп айыпталды (видео)

"Меломен" тобы ұзақ үзілістен кейін тыңдармандарына «Сүйгенім бол» бейнебаянын ұсынды. Алайда бейнеклип жарыққа шыға салысымен, топ мүшелері сынның астына қалды деп жазады baistars.kz.

Көптің айтуынша жігіттердің бұл туындысы ресейлік M-Band тобының «Она вернется» бейнебаянына қатты ұқсас.

«Жігіттердің бейнебаяндағы киген киімдері де ресейлік топты еске түсіреді. Сонымен қатар, олардың жүріс-тұрысы, қимылы да ресейлік әріптестеріне еліктеу болып көрінеді» — дейді көрермендер.

Ал ақ артқы фон екі бейнебаянның мүлтіксіз ұқсайтынына шүбә келтірмейді.

Сюжет бойынша бейнебаяндағы қос ғашықтың қазақстандық эстрададағы ерлі-зайыпты жұлдыздардан бата алуы керек болған тұсы ғана айырмашылық беріп тұр.

Топ мүшелері бұл ұқсастыққа қатысты еш пікір білдірген жоқ. Дегенмен «Сүйгенім бол» әні көпшіліктің көңілінен шығып, тыңдармандары өз ризашылығын әлеуметтік желілерде білдіріп жатыр.




Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мүшелері, ресейлік, «Сүйгенім, сынның, бейнебаяндағы, астына, қалды, салысымен, baistars, Меломен, жазады, жарыққа, кейін, үзілістен, бейнебаянын, тыңдармандарына, Алайда, бейнеклип, ұсынды, керек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]