Айқын Төлепберген КешYOU экс-солисіне үйленді ме?

Айқын Төлепберген КешYOU экс-солисіне үйленді ме?

Қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бір топ адамның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен шығарып салып жатқаны көрінеді. "Артыңа қарама" дейді кадр сыртындағы адам. Ал кейін Айқын оны сүйіп, көтеріп алып бара жатады.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=0bX3rLqxNbA]

Youtube желісінде тағы бір видео пайда болды. Мұнда Айқынға ұқсас ер адам Жұлдызға сырға тағып жатады.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=QQH3zKyddyQ]

Алайда Айқын Төлепберген Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы бұл кадрлардың фильмнің түсірілім жұмыстары кезінде түсірілгенін айтып берді. Әнші мұның қандай фильм екенін айтқысы келмеді.

Айта кетейік, Айқынның тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниее келген. Ал екінші қызы 2016 жылдың мамырында туған. Еске салайық, Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили әйелдеріне арнап, "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті.

Ал 22 жастағы Жұлдыз Өмірғали Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті. Ол КешYOU тобына 2014 жылы келіп, былтыр шығып кеткен еді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали, айкын толепберген с женой фото, айкын толепберген отбасы фото, айкын толепберген женат или нет, айкын толепберген уйлену тойы, айкын толепберген уйленгенба, айқын төлепберген отбасы, айқын төлепберген әйелі, Айқын, Жұлдыз, салып, пайда, Tengrinews, Қазақстандық, сырға, болды, КешYOU, тілшісі, Өмірғалиге, Төлепбергеннің, жатады, хабарлайды, жатқан, видеосы, солисі, әншісі, грузин, салайық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]