Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында айтты.

Ол өзінің ұлын өзге жас әншілермен салыстырғандарды түсінбейтінін айтты. Оның пікірінше, әр әншінің эстрадада өз орны бар.

"Қайраттың әндері түгел хит болды. Ондай әншіні көрген жоқпын, білмейді екенмін. Мейрамбектің әні хит болған шығар... Басында Мейрамбекпен салыстыратын.

Толқын Забировалар "Сен Мейрамбектей бола алмайсың" деп қанша көңілімізді түсірді. Одан кейін Қайратты танымайтын, тыңдамайтын Бибігүл апамызға дейін оны сынап тастады. Қасында Толқын Забирова шәкірті болып жүрген. Соның сөзіне еріп кеткен шығар.

"Тыңдамаймын" деген сияқты әңгіме айтып қалды. Бірақ ол апамызды барлығымыз жақсы көреміз. Қайрат "бір қателескен жері шығар" деп әлі күнге дейін жақсы көреді", - деді ол.

"Мейрамбектен кейін Ернар Айдар шығып келе жатқан кезде, "ойбай, Қайрат, сенен озып бара жатыр" деді. Одан соң Төреғалимен салыстыра бастады. Енді Димашпен салыстыруды шығарды. Басында қатты әсер еткен. Неге Мейрамбекпен салыстырады? Ол Мейрамбекті биік тұлға санайтын, ағасы көріп, содан үлгі алды", - деп наразы болды ол.

"Қайрат жететін шыңына жетіп қойды, ол біреуден кем түсіп қалады деп қорықпаймын. Әр әншінің орны бір басқа. Қайрат сияқты ешкім бола алмайды", - деді Гүлзира Айдарбекова.

"Екеуін салыстыруға мүлдем келмейді. Димаш конкурстың әншісі, оның даусы сұмдық, керемет. Ал Қайрат конкурстың әншісі болмайды. Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды", - деді әншінің анасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас, димаш құдайберген, димаш кудайберген, гулзира айдарбекова, кайрат нуртас, Қайрат, айтты, Гүлзира, Димашпен, өзінің, Айдарбекова, Димаш, әншінің, болған, әншіні, алмайды, шығар, Қайратты, Төреғалимен, конкурстың, болды, Мейрамбекпен, Басында, хабарлайды, Толқын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]