Қанатты (нақыл) сөздер: Әйтеке би

Қанатты (нақыл) сөздер: Әйтеке би

Өмірім — өзгенікі, өзімдікі — өлім ғана.

Батыр боп жауға найзаң тимесе,
Батырлықтан не пайда.
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Байлығыңнан не пайда…

Іні — ағаның тынысы.

Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі.

Тексіздің тегі — құл.

Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.

Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

Інінің реті – тас қару,
Ағаның реті – басқару.

Кісімен бірге туыспау керек,
Туысқан соң артық сөз қуыспау керек.

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,
Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.

Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Әйтеке би туралы нақыл сөз, канаттты создер Айтеке би туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Әйтеке би, Айтеке би

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]