Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Аурудан - аяған күштірек)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Аурудан - аяған күштірек)

Сейiт орам үстiнде жүгiрiп бара жатқанда, бiр арбалы келiп, аңдаусыз соғып кетiп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көрiп шошынғаннан шешесi есiнен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейiт жыламақ түгiл, сынған аяғын орнына салып таңып жат-қанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кiсi:

– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады.

Сейiт шешесi шығып кеткен соң, демiн алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейдi:

– Ауырмақ түгiл, жаным көзiме көрiнiп тұр, бiрақ менiң жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесiн деп, шыдап жатырмын, – дедi.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ыбырай алтынсарин Аурудан - аяған күштірек ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери аке мен бала, Аурудан - аяған күштірек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]