Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бір уыс мақта)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бір уыс мақта)

– Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:

– Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп.

Шешесi:

– Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:

– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:

– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ыбырай алтынсарин Бір уыс мақта ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери аке мен бала, Бір уыс мақта

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]