Қазақша жұмбақ: Күн, ай, жұлдыз, аспан

Тең,тең тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Аспан, жер

Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,
Еш адам ала алмайды балталаған.
Күн мен сағым
Жұмбақтар жауабымен
Толық
214,5 -120,5

Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Өзен)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді....
Өлеңдер
Толық
91 -56

Ертегі: Тазша бала [видео]

Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады.
Шал:
– Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды.
Сонда тазша:
– Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді.
Шал:
– Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күні шал тазшаға:
– Анау көрінген ағаштың басында ақ сары деген құстың....
Ертегілер
Толық
77 -44

Ертегі: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (сурет, видео)

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:

— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен....
Ертегілер
Толық
59,5 -35,5