Курстық жұмыс: Экономика | Ақшаның пайда болуы мәні және қызметтері

Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Таур айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша мпссасы мен ақша базасы туралы жазылған.
Ал ақарғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамдың ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | ЖАТАҚХАНА БЕРІЛГЕНДЕР ҚОРЫН ҚҰРУ

КІРІСПЕ
Түрлi шаруашылықтaрда, оқу орындарында, коммерция¬лық, мекемелерде және т.б. салаларда берiлгендердi дайындау, оларды өндеу, caқтay жиi кездеседi. Мысалы, жоғары оку орындарында дайындалатын мәлiметтер:
факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерiнiң тiзiмi не қызметкерлер жөнiнде басқа мәлiметтер;
емтихан ведомостары;
cтyдeнттep жөнiнде мәлiметriк тiзiмдер;
түрлi белiмдерде жұмыс icтейтiн адамдардың тiзiмi (Teri, аты-женi, бiлiмi, aдpeci, үй телефоны, т.б.);
Мұндай мәлiметrердi caқтay және өңдеу көп тapaғaн әдici - оларды берiлгендер қоры түрiнде дайындау. Берiлгендер қоры (БҚ) - құрылымы арнайы тәсiл бойынша ұйымдастырылғaн берiлген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл неriзiнен кесте түpiндe дайындалады. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын тандау (шартты қaнaғaттaндыpaтын сұраныс құру), оларды caқтay, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, Kecтeнi басып шығару сияқты орындалатын ic-әрекеттер - күрделi жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда БҚ кecтeci берiлгендер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс icтey үшiн программағa арнайы процедуралар мен функциялар енгiзiлетiн. Соңғы кездерде кестелерден тұратын БҚ құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалғaн.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары №4 (1 сынып, 4 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған орта
Сабақтың тақырыбы:Үй жануарлары №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын түсінеді.
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары :Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын түсінеді. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Таныс сөздерді мағынасын түсініп, қажетті сөздермен тіркестендіре алады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Таныс сөздердмен қарапайым сөйлемдер құрастыра алады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С 8.3.3. 1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;
Сабақ мақсаты: шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Күміс алу

«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік.
Ән: «Туған жер»......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.«Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа үйрету, әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.
3. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспе буындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын - саяхат» схемасы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, қайталату.
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейіндерін аудару.
Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көктем аруы байқауы

Мақсаты: Кішкене бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру, көпшілік алдында сөйлеуге баулу, өнерлерін шыңдау, тапқырлыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Әдемі әуен айналып турады
- Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той!
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп!
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Уа жамағат, халайық!
Баршаға жар салайық.
Арулар мен аналарды ортаға шақырып,
Қол соғып қарсы алайық!
2. Арулармен таныстыру
1. Сары балапан секілді,
Бір бүлдіршін келеді,
Күлімдеген көздері
Жанға жылу береді .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қазақстан менің туған өлкен

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетнің
технологиялық картасы
Топтың жас ерекшелігі: ересек топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: «Қазақстан – менің туған өлкем»
Мақсаты: балаларды туған өлкесі Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру.
Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Суретшінің бере білген көңіл - күйді сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну.
Құрал - жабдық: туған өлкеміздің табиғатты бейнеленген суреттері, мольберт, жай қарындаш және қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: туған өлкем, суретшілер А. Черкасский, А. Мамбеев, Ә. Кастеев.
Қостілділік компонент: туған өлкем - родной край.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі.
Педагог балаларды «Қуаныш шеңберіне» тұрғызады.
Балалар «Қуаныш шеңберіне» тұрып.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашты бүгін шапағын
Тілейміз ақ таңнын
Қуанышын шаттығын.
Қайырлы таң,
Қайырлы таң!
Қуанышты күн бүгін......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: География | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.
Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді. Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр.
Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады.
Мұхиттардан қашық, жер аумағының кең болуы және табиғат ерекшеліктері климатының күрт континенталдығы мен аймақтық ерекшеленуіне, жауын-шашын мөлшерінің аз болуына әсер етеді. Республиканың көпшілік жеріне желдің күшті болуы тән. Аумақ төрт табиғи аймаққа - орманды-далалық (солтүстік, шығыс), далалық (солтүстік, шығыс, батыс, орталық), шөлейтті (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс, орталық, оңтүстік) аймақтарға бөлінеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы кездегі дүлей табиғат құбылыстарының қатарына Каспий теңізі деңгейінің одан әрі көтерілуі, жер сілкіністері, гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар жатады. Арал теңізі бассейнінің құрғауын және атом полигондары қызметі зардаптарының экологиялық жағынан жайсыз әсерін ең ірі антропогендік зардаптар қатарына жатқызуға болады.
1978 жылы басталған Каспий теңізі деңгейінің көтерілу процесі орташа қарқыны жөнінен жылына 0,14 метр болып үдемелі түрде жалғасып келеді. Теңіздің деңгейі төрт метр дерлік көтерілді.....
Рефераттар
Толық
0 0