Сабақ жоспары (ұмж): Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
• заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Гүлбаршын


Екеуі екі жерде томсырайып отырған қызы мен әйелін көргенде, Төлеп оларға кезек қарап тұрып қалды. Түр келбеті бір - бірінен аумайтын дөңгелек жүзді, кішірек дөңес мұрынды бұл ана мен баланың бұртиысқан тым-тырыс мына күйлері кәзір ғана араларында құйын ұйытқып өткенін танытқандай.

— Иә, сендерге не болды? Сүзісетін қошқарларша мойындарынды ішке тығып алыпсыңдар?

Көк жібек халатқа оранып, капрон шұлықты аяқтарын астына жанша басып, семізше денесімен диванды жапыра салмақ салып отырған Гүлбаршын сампылдап сөйлеп кетті:

— Он жыл оқыттым мен мұны. Кимегенді кигіздім, ішпегенді ішкіздім. Ешкімнің баласынан кем қылған жоқпын. Жұрт қатарлы адам болудың ілгері талпынудың орнына, енді мынау — кері кетем деп отырғаны. Өзге жұрттың балаларына қарасаң бірі инженер, бірі дәрігер болып шығып жатыр. Бұнымен бірге бітіргендердің бірі институтқа, бірі университетке түсуге құлшынады. Ал бұл болса толғанып - толғанып келіп, енді бүгін күрек арқалап, жүмысшы болуға табан тірепті.

Керістің неден шыққаны, Төлепке бірден түсінікті болды. Баяғы сол Клараның кім болмағы, қайда барып оқымағы жайында. От басы, дастарқан үстінін бір айдан бері талқысында жүрген мәселе.

Шапылдаған көп сөзді жаратпайтын Төлеп төтесінен келді.

— Ол не айтып отырғанын? — деп сұрады Гүлбаршыннан.

— Өзінен сұра. Әй, айт мына әкеңе? Әлгі қара жұмысшы даярлайтын оқуыңның аты немене еді?

Клараның мінезі тік, бірбеткей. Шешесін бой, ой жағынан тез қуып жетіп, теңесіп кеткендіктен бе, онымен құрбысындай қатқыл да сөйлесе беретін әдеті.

— Қара жұмысшы болам ба, кім болам. Өз болашағыма өзім жауап беремін. Әйтеуір, сіз құсап біреуге масыл болмайтыныма көзім жетеді, — деп салды.

Гүлбаршынға мына сөз тәніне от түскендей әсер eтті.

— Қарашы, қарашы мынаның сөзін! — деді ол ашудан селк-селк етіп.— Мен масыл, арамтамақ деп отырғанын қарашы! Ой ұятсыз! Мен сен құсап он класс бітірген жоқпын!

— Он класс бітірмегендер еңбек етпесін деп пе?

— Доғар, салғыласпай! Қарашы, бұның ұялмай менімен салғыласуын! Қара жұмысшы болмаса, одан әрі! Маған десең колхозшы бол. Шошқа бақ!

Гүлбаршынның арманы қалай еткенде де Клараны жоғары оқу орындарының біріне түсіру. Мал-дүниені түгел сарқып жұмсаса да, осы мақсаты жүзеге асса дән риза.

Ал Клара болса, әкесі мінездес сақ ойлап, сабырмен топшылайды. Өзге түгіл өзіне де турашыл. Институтқа түсу бұл күнде аса қиындап кетті. Тәуекелмен кеткендердің еңселері түсіп, жыл сайын кайтып келіп жүр. Өз шамасын таразылап көреді де, Клара солардан артықпын деп ойламайды.

«Одан да әлім келетін өзіме тұштық бір мамандықтың тізгінін ұстасам, сол абзал емес пе?» Клараның ойы осы.

Клара кеше газеттен Алматыда әр кәсіп бойынша маман жұмысшылар әзірлейтін бір жылдық техникалық училищелер ашылатыны жайында оқыды. Жатын орын, киім-кешек, тамақ — бәрі қазынадан. Ойлап-ойлап келді. де, ол осыған баруға бел байлады. Сол шешімін әлгінде шешесіне білдіріп еді. Гүлбаршын еріп баурына алып, жат та кеп тулады.

Төлеп бір-ақ ауыз сөз айтты.

— Барғысы келсе барсын, — деді.

Гүлбаршын одан бетер сұрланып, күйеуінің бетіне шатынай қарады:

— Ана иттің ұлы Байқотан түсіп оқып жатқан институттың біреуіне түсіруге шамаң келмей ме?

— Қашан мен қабылдау комиссиясының председателі болам. Сонда түсірем.

— Өзге жұрт қалай түсіріп жүр екен балаларын? Соның бәрі не емес шығар... комиссияның председателі емес шығар. Толып жатқан жолдас-жораларың бар Алматыда. Барып айтсаң, солардың бірі болмаса бірінің қолынан келеді. Адал жолмен оқуға түсіп жатқан бұл күнде ешкім де жоқ. Бәрі де сол. Тамыр - таныстықпен, сүйемелдеумен түседі. Дым сезбейтін баласын Күзенбай былтыр ақшаның күшімен орналастырмағанда, қайтып орналастырды?

Төлеп қолын бір-ақ сілтеді.

— Қысыр сөзді қайтесің. Әкел тамағыңды.

Тамақ ішіп болған соң темекі шегіп отырып:

— Мен колхозға кызметке баратын болдым, — деді Төлеп.

Гүлбаршын оның жүзіне селт етіп қарады. Аудан белсенділерінің бір тобын колхоздарға қызметке жібергелі жатыр деген сөзді ол естіген, анық-қанығына көзі жеткен болатын.

— Шын айтасың ба?

— Көшудің қамын істей бер, — деді Төлегі.

Гүлбаршын қолындағы шай құйған кесені тарс еткізіп алдына қоя салғанда, кесенің түбі аз-ақ ойылмады.

— Жақсы бопты. Бар. Дұрыс жолға енді түстің. Құлдыра! Сен де кері кет. Сенімен катар кызмет істей бастағандардың алды осы күні Алматыда ЦК - да отыр. Ал сенің маңдайына енді райкомның белім бастықтығы да сыймағаны ғой. Сол керек!

Алты жасар Ермек осы кезде:

— Дөт – де - дөт! Дет! Дө - дөт! — деп, жіп таққан ойыншық машинасын сүйретіп, сыртқа шығып бара жатыр еді. Гүлбаршын оған да дүрсе қоя берді.

— Таста, салдырлатпай! Қолы-басы сатпақ-сатпақ қылып, тағы да келмексің ғой. Түк таппағандай бұ неме де кешке дейін шофер болып ойнайды... Нәсілі жасық неме...

* * *

Арада екі айдай уақыт өтті. Күз келді. Күн бұлыңғыр, сәске түстін шамасы. Дағарадай кен бөлменің бір бұрышында төсекте Гүлбаршын әлі тұрмай жатыр. Ол оянғалы қашам. Бірақ тұрар ниеті жоқ.

Соңғы уақытта бұл семьяда елеулі жаңалықтар болды. Клара өзінің қалаған оқуына —техникалық училищеге кетіп тынды. Кеткеніне айға жуық уақыт өтсе де, әлі хат жазбайды, тым-тырыс.

Төлеп те мұнда емес. Осыдан отыз километр жердегі «Комитерн» колхозында парторг болып істеп жүр. Бұрын да болса жұмысбасты жан еді, анда-санда бір-ақ келіп кетеді.

Келген сайын көшу жайын сөз етеді. «Көшпеймін. Колхоз ішіне барып жырғамай - ақ қойдым! Ұнаса, өстіп өзің салт жүре бер!» — деп Гүлбаршын табандайды.

Осыдан екі-үш күн бұрын келгенде де ол күйеуіне осыны айтқан болатын. Төлеп дауласпайды. «Жарайды. Өз еркің» дейді.

Қаршадай Ермектің әкесінен қалғысы келмейді. Шешесіне бой бермей өткен жолы да Төлептің машинасынан түспей отырып алып, бірге кеткен. Үш бөлме оңаша үйде Гүлбаршын кәзір жападан-жалғыз өзі.

Бұрын дағдыланбаған тып-тыныш мелшиген көңілсіздік Гүлбаршынның еңсесін күнде жаншады. Бүйтіп табандап бергенмен не тындырам? Жұртта қалған күшіктей жападан -жалғыз осым да өмір болып па? Осы тәрізді ойлар Гүлбаршынды соңғы күндері жуасытуға бет алған. Оңашада осыған табанын тірегенмен, Төлепті көріп бетпе-бет әңгімеге тірелгенде, әйелдік өзімшілдігі асқақтап шыға келеді. Ақылға, сабырлы сөзге келтірмейді.

Гүлбаршын міне тағы да өкінгендей болып жатыр. Өткен жолы келгенде Төлепке: «Машина әкел. Көшеміз, — деуі керек еді. Дайындап қойған сол сөздің орнына ол тағы да «көшпеймін» деді. Төлеп те оны бұрынғы әдетімен, қолқаламады. «Өз еркін!» деп, қайыра тартып отырды.

Жоқ, құрсын бүйткен өмірі. Енді Гүлбаршын бір күн де шыдай алмайды. Молада жатқан адамдай қалайша жалғыз жата бермек, Оның табандауынан Төлеп тіпті де қиналып жатқан жоқ. Алданышы — қызметі, өмір бойы өстіп жалғыз жүрсе де жүре береді. Оның мінезі сол. Үндемей, қарсы келмей жүріп жеңеді.

Гүлбаршын енді Төлепке «машина әкел, кешеміз» деп, өзі телефон соғайын десе, бұнысын жеңілгендік көреді. Тулап-тулап, бостан-босқа арам тер болып келіп, сылқ ете түскендік. Оған менмендік ер мінезі және жібермейді.

Ал енді Төлеп өзі қашан келмекші? Бұны жобалап білу мүмкін емес. Жұмысбастылыққа ұшыраса, жарты ай бойына келмеуге де бар. Бір сылтаумен тілдесіп, шақырып алудың ретін Гүлбаршын тағы да таппайды.

Аралда қалған адамдай Гүлбаршын өстіп басы қатып, тұйыққа тіреліп жатқанда, сыртқы есік шиық етіп ашылды. Үйге Қойшыбай көршінің кішкентай баласы Асқаржан кірді.

— Тәте, сізге хат бар.

Гүлбаршын төсектен басын қалай жұлып алғанын өзі де білмей қалды. Хатты алып жатып, баладан именіп, көрпе шетімен кеудесін қымтады.

— Рахмет, шырағым.

Бала кетіп қалды.

Хат Кларадан екен. Гүлбаршынның өзегінен ыстық бір сезім жүгіріп өтті. Оқи бастады. «Қымбатты мама, папа!» — деп бастапты. Гүлбаршын түрегеліп отырып оқуға кірісті. «Жаным, алтыным», деп хат иесін аймалап, күбірлеп те қояды.

Оқуға қабылданып, жатақханаға орналастым. Амандық болса, бір жылдан кейін құрылыс десятнигі болып ауылға жетіп барам деп жазыпты Клара.

— Кім болсаң сол бол, алтыным.

— Гүлбаршын тез түрегеп, киініп те үлгерместен «Коминтерн» колхозына телефон соға бастады:

— Алло! Маған Дүйсеновті. Әй, мен ғой бұл. Мен деймін. Гүлбаршынмын. Немене, басын мәңгіп, мұрныңнан су кетіп отыр ма? Кларадан хат келді. Оқуына түсіпті. Соны айтайын деп едім. Сонан соң... әлгі Ермек қайда? Ол плащын да кимей кетіпті. Жауында кайтып жүр? Суық тиіп қалмасын. Сен оны анда-мұнда сүйрелеп, ауыртып алма. Сонан соң... Әй, келмейсің бе? Кларажанның хатын оқымайсың ба? Соны оқысын деп, телефон соғып тұрмын. Кел, қашан келесін? Әй, сонан соң... Сен қандай машинамен келмексің? Бәрібір емес, әлгі үлкен машинаңмен кел. Жүк тиейтін адамдарыңды ала кел. Қайтер екен десем, өзіңнің жайың тым жарасып барады ғой. Бір басыма жылы орынды таптым деп жүрмісің? Қоярмын мен сені сайрандатып!.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАШ КЕЗЕҢІ

Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз етер болсақ, оны «алаш» зиялыларының қайраткерлік қызметімен байланыстырмай өту мүмкін емес. Мысалы, қазақ терминографиясындағы алғашқы сөздіктердің қатарына жатқызылып жүрген сөздіктерге алаштықтар шығарған, 1927 жылы жарық көрген Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері» мен 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Атаулар сөздігі» жатады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Тақпақ: Отбасым

Күн сияқты, күлімдеп шашқан нұрын -
Анам менің жайдары, көңілі ашық.
Әкемнің мінезіндей соқса құйын,
Бір ойнақтап, бір тұрып, тұра қашып.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы

Кіріспе
Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби мұраларының маңызды орын алатындығы белгілі.
Дүние танымы, ақыл-парасаты өзге ұлттар мен халықтардан бір де кем түспейтін дана халқымыз өмір сүру, шаруашылық кәсібі салтына орай өзінің арманы мен мұңын, ой-толғаныстарын шешендікпен ауызша түрде айтумен қатар, жазып та тәлім-тәрбиелік ойларын әр түрлі тәсілдермен ұрпақтарына насихат, өсиет етіп қалдырып отырған екен. Зерделі ұрпақ ата-бабаларының өнегелі ойлы сөздері мен өлең-жырларын бірінен-біріне жеткізіп мұра етіп отырған. Ауызша айту дәстүрінің әсерінен және тарихи жағдайларға байланысты көптеген әдеби мұралардың біздің дәуірімізге түгелдей сол күйінде жетпегені де белгілі.
Хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындардың телегей теңіздей жырларының аздаған үлгілерінің ғана жетуі бұл ойымызға дәлел болады. Әрісін айтпағанның өзінде уақыт жағынан дәуірімізге жақынырақ болып келетін XIX ғасырда өмір сүрген сөз шеберлері шығармаларының өзі де толық жетіп таныла қойған жоқ.
Заман шындығын әрқайсысы өз танымдары тұрғысынан қарап оны өз шығармаларында көркем бейнелей білген ақындардың шығармаларына кеңес дәуірінде әр түрлі пікірлер айтылып, әрқилы бағаланып, көптеген сөз зергерлерінің шығармашылықтары жете зерттелмей, көпшілік қауымға біржақты ғана айтылып, шығармаларының жариялануының өзіндік қиыншылықтары болып келгендігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазіргі кезде ашық айтыла бастады.
Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың басшылығымен арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынып, оны іске асыруға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр. Кеңес дәуірінде зерттелмей, халқымызға толық танылмай келген рухани, әдеби мұралардың қатарында кезінде өз бағасын ала алмай келген зар заман әдебиетінің XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ақындардың қатарында өз шығармаларына заман шындығын арқау етіп, оны көркем бейнелей білген көптеген ақындардың шығармашылықтарының әлі де халыққа жан-жақты танылмай келген жақтары бар. Солардың бірегейлері - Оңтүстік өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындар. Біз бұл дипломдық жұмысымызға осы мәселеге қатысы бар деп санап Құлыншақ Кемелұлының шығармашылығын арқау еттік.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы».
Өзектілігі: Құлыншақ ақын - ақындық өнерпаздығы кезінде өзі өмір сүрген өңірге ғана белгілі болып қоймай, Сыр бойы, Арқа, Оңтүстік, Жетісу өлкелеріне танымал болған сөз зергерлерінің бірі. Ол жөнінде Жамбыл, Бұдабай, Майлықожа сияқты белгілі ақындарымыздың берген бағалы ой-пікірлері олардың өлең-жырларында айтылған.
Құлыншақ ақынның қазаққа кең танымал болғандығы оның өз өлең-жырларынан да, кейінгі ақын шәкірттерінің шығармаларынан да айқын көрініс тауып отырады. Кезінде көбісі жазылып хатқа түспегендіктен ақынның шығармалары ауызша айтылумен үзік-үзік болып, толық күйінде жетпей, жете танылмай келді. Оның үстіне иманына ислам дінін негіз етіп «Әр сөздің басы бісімілла», «Құдая иманымы саламат қыл» деп сөз толғаған ақын шығармашылығы зерттелуінің кенжелеп қолға алынуына кеңестік идеологияның ықпалы да аз әсер етпегені анық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Курстық жұмыстың өзектілігі
Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылдады. Бұл уағдаластыққа сол кездегі министрлер Э. Шеварднадзе мен Цянь Цичэнь өз қолдарын қойып ресімдеді. Топтың кеңестік бөлігінде сол кезде осы күрделі үдерістің алға жылжуына зор үлес қосқан тәжірибелі қытайтанушылар Генрих Киреев пен Виталий Воробьев жұмыс істеді.
КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. Әлі есімде, 1992 жылы наурызда мені Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажетттігі туралы ұзақ түсіндірген-ді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді. Ресейліктер КХР мен ортақ шекарасы бар бұрынғы кеңес елдері құрамында біртұтас делегация құруды талар етті. Мемлекеттер бөлектеніп кеткен екен, онда оларға Қытаймен келіссөздерді әрқайсысы өздері жүргізгендерді дұрыс деген басқа да пікір болды. Бірақ түптеп келгенде, салауатты ой жеңді және осынау күрделі жағдайда Қытай жағы сындарлық көрсетті. Пекин Ресей жағының өкілі басқаратын бірлескен делегациямен жұмыс істеуге дайынбыз, егер бұған басқа мемлекеттер қарсы болмаса деп мәлімдеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Ауған Кеңес қақтығысы

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.
Сол кезде Ауғанстанда билікке таласқан ресми үкімет пен оппозиция (моджахедтер) арасында қарулы қақтығыстар басталған болатын. Күрестің басты мақсаты Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. КСРО Саяси Бюросы КСРО-ның ықпалын кеңейту мақсатында Ауғанстанға қол үшін беріп, сыртқы агрессиядан қорғау керек деген шешімге келеді. Сөйтіп, Ауған елін басқарып отырған шах Хафизулла Аминді алып тас¬тап, орнына Бабрак Кармальді отырғызу туралы идеясын күш көрсету арқылы жүзеге асырды. Осылайша Кеңес Одағының әскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты. [5,4]
Соғыстың та¬ғы бір себебі - Ауғанстандағы социализм концепциясын жақтаушыларды қолдау болды. Ал аме-рикалық әскери-экономикалық күштер Ауғанстанды КСРО ықпалынан шығарып алуға күш салды. Моджахедтерге АҚШ, НАТО-ға мүше Еуропа елдерінің кейбіреулері, Пәкстан, Қытай, Египет, Иран елдерінің әскери мамандары, арнайы қызметтері көп көмек көрсетті. Кабул үкіметіне қолдау көрсету КСРО бюджетіне оңай түскен жоқ. Деректерге қарағанда, жы¬лына 800 млн АҚШ доллары бөлініп отырған. Ал 40-шы Армияны Ауғанстанда ұстау үшін және тактикалық ұрыстарға Мәскеудегі басшылар жыл сайын 3 млрд долларға шығынданған. 1979 жыл полк Термез өзеніне қалқымалы көпір салуды бастады. Ал түс ауа, яғни Мәскеу уақыты бойынша 15-те, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен 108-ші мото-атқыштар дивизиясы және 103-ші әуе-десант дивизиясы Ауған жеріне өтуді бастады. Артынша ауыр техника, ұшақтармен қаруланған 80 мыңдық ауыр қол Ауған жеріне лап қойды... Осылайша 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кетті ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі

Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамдас бір бөлігі ретінде оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Зейнетақы жүйесі экономикалық құрылымның ең бір күрделі түрі ретінде қарастырылады. Зейнетақы жүйесі мемлекеттің экономикалық дамуына әсер етеді, соның ішінде капитал мен еңбек нарығының қызмет етуіне, сондай-ақ ел азаматтарының ұрпақ ішінде және ұрпақ аралығында табыстың қайта бөлінуіне өз ықпалын тигізеді.
Қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін қолдаудың материалдық негізі зейнетақы болып табылады. Зейнетақы (лат сөзі pensio-төлем) – белгілі бір жасқа келген азаматтарға, мүгедектерге, асыраушы адамынан айырылған отбасына және заң жүзінде көрсетілген өзге жағдайларға байланысты берілетін ұдайы ақшалай төлем. Зейнетақы бюджеттен тыс мемлекеттік және сақтандыру қорларынан, жеке меншік кәсіпорынның зейнет қорынан құралған зейнетақылық және сақтандыру қорлары арқылы беріледі /1, 211б/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Әлемдік сауда жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы

Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.
Қазақстанда қайта құру басы деп аталған ашық экономиканы құру бағыты ең алдымен Батыспен тауарлы экономикалық қатынастарды, ол жақтан экономиканы модернизациялау үшін технология, несие, экспорттық тауарлар-шикізат-отын ресурстары ғана емес, сонымен қатар өнім өңдеу саласы соның ішінде ғылымды қажет ететін салаларға инвестицияларды алу болжалды. Бұл мақсат Қазақстанның сыртқы саясатын құру процесі барысында басты болды, яғни орталықсыздандыру және либеризациялау , саясаттық және институтционалды қамту болып табылады. Осы кезекте әлемшаруашылық қатынастардың жаңа глобалды құрылымын құру процесі, ол негізінен “уругвайлық” раундтық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) халықаралық саудада жалғасын тауып және тез дамуда. Қазақстанның осы процестен абстрактіленуі онсыз да қиын жағдайды қиындатуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қоғамдық тамақтандыру барысындағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де Салозано осы ғылым туралы «бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А.Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілде функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі ңі,ңі,үқаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі артта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухагтелрлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Осы жоғарыдааталған бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және оның жүргізілуі жолдармен оқырмандарды таныстыру мақсатында жазылған бұл оқу құралы бухгатлерлік есептің принциптері мен негіздерін толық ашып көрсетеді. Жалпы, осы оқу құралы бухгатерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім беретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілі сөздерін ескерсек, бұл оқу құралының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығынан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0