Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аяулы анашым

1. Балалардың өз бойларындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, білімге, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
2. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сахналық қойылымдар арқылы әртістік шеберліктерін шыңдау. Рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту.
3. Аналарды құрметтеуге, үлкендерді сайлауға тәрбиелеу.

Барысы: Кіріспе көңілді музыка ойнап тұрады. Балалар музыка әуенімен сахнаға шығады. Мұғалімнің құттықтау сөзі.
Негізгі бөлім:
1 – оқушы: Құрметті Аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақжан: Нұршуақ:
Қуанышы баланың – Бізді өсірген апатай,
Қуанышы ананың. Еңбегіңіз зор екен,
Қуанышы ананың – Құтты болсын апатай,
Қуанышы баланың. Құтты болсын мерекең!
Аяулым:
Айналайын апашым,
Аялайсың, бағасың,
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі құрамы
Тілдегі варианттылық – қазіргі тіл біліміндегі келелі мәселелердің бірі. Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс. Сөз варианттылығы ауызекі сөйлеу тілінде жиі
ұшырайды. Коммуникация заңы бойынша бір сөздің қолдану өрісінде түрліше айтылуының өзі бір жағынан,тілдің мол мүмкіншілігінен бүрын сөздің артықтығын көрсетеді десек те,тілдің үздіксіз даму жағдайында вариант сөздердің болуы заңды нәрсе.Өйткені тіл-қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, алшақ дамымайды. Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық – тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы үғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері түптеп келгенде стильдік мақсатпен жүмсалады. Негізінде жалпы варианттылықтың тура қызметі осы ғой. Сондықтан да, сөздің айтылуында кез келген вариант артық дүние емес.
Тілдің ішкі даму заңдылығында вариант болатын, бола беретін құбылыс. Бұл – тілдік тарихи категория. Өйткені тіл адамдарсыз жеке дара өмір сүре алмайды. Тіл қатынас құралы болғандықтан, тілдің қайсыбір қызметі қолдану аясында сан түрлі тіршілік тынысында сөздің даму сатысы адамдар ықпалымен өзгіріп отырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Топырақ құрылымы

Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ұрпаққа)

Жұртты ысырып өзіме жол да ашпадым,
басып өтіп басқаны төрге аспадым.
Жоқтау айтып, жібітіп ел көңілін,
сұрап, сығып алмадым көз жастарын.
Жең ұшынан ешкіммен жалғаспадым,
жалғандықпен алысып қан қақсадым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту Әлемнің жеті кереметі (3 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту. Әлемнің жеті кереметі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Марстағы өмір (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Марстағы өмір
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.3.1. ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сурет) түрінде құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Деректерді жинақтайды
Графиктік мәтін құрайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Бауыржан Қаптағай (1954 жылы)

Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1954 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. 1971 ж. орта мектепті бітірген соң колхозда әртүрлі жұмыс істеді.
1972-1974 жж. әскери борышын өтеп оралған соң, туған ауылында еңбек етті.
1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) профессор Асқар Тоқпановтың шеберханасында оқып-бітірді. Сол жылдан бастап М. Әуезов театрында қызмет етеді....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Күйеуін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бозінгендей боздадым,
Өз құрбымнан озбадым.
Оң жаққа салған қу төсек,
Жақсылықпен тозбадың.
Айналайын, Құдайым!
Оң жақтан неге қозғадың?
Шақырайын шаяндай,
Бар дауысыммен аянбай.
Қосыла түсіп айрылдым,
Қожіке мен Баяндай.
Жасымнан мені зарлаттың,
Құдіреті ұлық бір Алла-ай.
Құдай қосқан жолдасым,
Түсірдің мені қиялға-ай.
Жолдасым еске түскенде,
Отырмын жерден тұра алмай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан 1-сабақ
Берілген сабақтағы іске асырылатын мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің мәдениетіне сипаттама беру
Сабақ мақсаттары: Ежелгі рим мәдениетінің ескерткіштері негізінде римдік қоғамды сипаттау ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0