Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен еңбекқор баламын

Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру
Дамытушылығы: еңбек ету дағдыларын дамыту
Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Суреттер әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті.

Мотивациялық – қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Педагог балалармен бірге А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым - ай. Балалар шеңбер бойына жиналып бір – бірімен амандасады.
Өлең жолдарын қайталау.
Ұйымдастыру шылық ізденушілі кезең......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту және сөздік қорын байыту

І Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
1.1 Тіл дамыту әдістерінің ғылыми негіздері
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жанғырығы мен ізі: арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр». Тіл — адам қоғамынын рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым-қатынас қызметін атқаратын, ой қаруы болып саналатын аса құнды құбылыс. «Тіл—адамдық белгісі, жұмсайтын қаруының бірі»....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бір уыс мақта

Мақсаты:. Әңгіме мазмұнымен таныстыру, түсінгенін айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, мақта және әңгімеге байланысты суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мамық, қиқым,
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
- Ал балалар, шеңберге тұрамыз. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ақын мен Мақым)

Мақым деген бақсы болды,
Тамыршы, құмалақшы болды.
Ақ тоқымды жаяр еді,
Бір ысқырып қояр еді.
Қырық бірді шашар еді,
Бір сарынға басар еді.
Бұлдыр тұман бірдемені
Отырар еді тантып тегі......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдалым материалын болжау
3.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу
Сабақ мақсаттары:
• Тыңдалым материалын түсіну және жалғасын болжау
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіндегі оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, сұрақтарға жауап береді
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын Сөз құрамы (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз құрамы
Оқу мақсаты: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Сабақтың мақсаттары:
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Рим ежелдің ең қуатты империясы қалай болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақтың тақырыбы: Рим ежелдің ең қуатты империясы қалай болды? 2-сабақ
Оқу мақсаттары: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау.
5.3.2.2 жаулаушылар мен империяны құрушылардың ұлттық шекараларды қалай өзгерткенін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Рим империясының гүлденуін нақты дәлелдер мен аргументтер негізінде түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Сақыпжамал

Бұрынғы заманда Нұғыман деген бір хан болыпты. Ол хан бірнеше қатын алса да бала көрмей, жарым жастан өткенде бір әйелі екіқабат болып, бір ұл, бір қыз тауыпты.
Хан үлкен той жасап, ұлының атын Бәкір, қызының атын Зере қойыпты. Хан балаларын өте жақсы көріп, балаларының еркіне көніп: «Немен ойнаймын десе қолдарынан тартпай өсіріңдер», – деп, әйелдеріне тапсырып қойыпты. Бәкір алты жастан жетіге шығарында, етегіне бір етек ділдә салып ойнап жүрсе, бір қайыршы кемпір кезігіп қалып: «Балам, құдай үшін қайыр», – десе, Бәкір етегіндегі бір етек ділдәні кемпірге сол күйінше төгіп бере салыпты.
Сонда кемпір: «Ой, балам, көп жаса құдай сені Сақыпжамалға қоссын!» – деп бата беріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Руxани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ

Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

Н.Ә. Назарбаев

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы елді елең еткізгені сөзсіз. Бірінші кезекте әрдайым еліміздің тұтастығы мен береке-бірлігіне сызат түспеуін тілейтін жергілікті жұрттың көңіліне майдай жаққан ой-орамдары қалың бұқараның жүрегінің төрінен орын алды. Осыдан болар, Елбасы мақаласы әлеуметтік желіде толқын туындатты. Көркі түзулерді былай қойғанда, бөркі қисайып жүргендердің өзі Президенттің парасатты пайымдарына тәнті болып жатыр. Бұл Елбасы мақаласының әскери тілмен айтқанда, «дәл ондыққа» тигеніне айқын дәлел. Ендеше, соларға кезек-кезек тоқталып өтсем деп едім.

Қазіргі уақытта латын әліпбиіне көшу қарқынды түрде жүзеге асуда. Сөздің тереңіне батпай жатып, дүрлігудің қажеті жоқ. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшелене білетін Елбасымыз еріккеннен латып қарпіне ауысамыз деп жатқан жоқ. Тағылымы мол тарихымызға көз жүгіртер болсақ, бабаларымыз сонау заманнан сол әліпбиді қолданған болатын. Сұм орыстың отарына айналып қана қоймай, тіліміз де орысшаланды, қазақ тілінде екі сөздің басын қоса алмайтын, «мәңгүрттер» көбейіп кетті. Өкінішті... Елбасымыздың бар жеткізгісі келген ойы- түбіміз түркі болған соң, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға қадам жасау, ұлтымыздың санасын тор бұғаудан босатып, санамыздың қайта жаңғыруына жол ашу. Біз бұл арқылы бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ сыйлаймыз, тілімізге екінші дем береміз, арыла алмай келе жатқан жат әріптерден құтылып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттауға мүмкіндік аламыз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Күз

Қазан айы бітпестен
Жердің беті ағарды
Күрт өзгеріп, ауа райы
Адамға әлек салғызды....
Тақпақтар
Толық
0 0