Пән: Қазқастан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4 Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бүгінге күнге дейін) Сабақ тақырыбы: «Қазақстан – 2030, 2050» стратегиялары 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.9 – ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау Сабақ мақсаттары: Оқушылар сабақ үдерісінде «Қазақстан – 2050» даму стратегиясының бағыттарын талдап, маңыздылығын анықтайды.......
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі Сабақ тақырыбы: XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Сабақ мақсаттары: ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздікті суреттеу әдістерін анықтау......
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты. Сөйтіп жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті. Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп, салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.......
— Әй, қоясың ба, — деп Мінайдар басын көтеріп алды. — Жетті ғой... Кісіні орынсыз күйдіресің?!
— Мен бірдеме айтсам күйесің де қаласың-ау, — деп қатыны Маржанкүл, ашулы қарқыны басыла түсіп, күмілжіп сөйледі.
Маржанкүл бәсеңдеген сол Мінайдар да кенет келген ашуды ыдыратып, сұрланған бетіне аздап қан жүгіргендей болып, тікірейген көзін Маржанкүлден аударды. Кішкене үндемей отырды да, ашуының тарқай бастағанын білдіргісі келген адамдай:
— Кісі тіліне көп ересің, соныңа ашуым келеді. Болмаса ұрыс шығаратын осында не бар? Жалғыз мен бе, жұрттың бәрі де, барып жатыр, — деді.
Соңғы сөзді айтқанда Мінайдардың ашуы түгел тарап, қалыпты күйіне келіп еді. Маржанкүл осы қалпын сезгендей болып, о да бұрынғыдан жұмсара түсіп:
— Жұрттың бәрінің де барып жатқаны рас-ау, оның үшін ашуланбаймын ғой... Менің қытығыма тиетіні Сары шешейдің үйіне жиылатындарың, басқа үй құрып қалғандай соның үйіне жиналуын қарасайшы?.. Осы бар ғой, ойласам ішім от болып жанып кетеді. Сары шешей айтады дейді: «Қожалық өзімнің әмеңгерім. Қожалық тірі тұрғанда кетіктің басқасына мойын бұра алман» деп айтады, дейді. Сен үйіне барған соң екі кезін сенен айырмай қарайды да отырады ғой... Соның үшін күйемін, — деп Маржанкүл, жүнін түтіп отырып, Мінайдарға шын сырын айтты.
Мінайдар шынтақтап жатқан күйі, кеңкілдеп күлді. Кетік тісінен тілі жылмаңдап шығып тұрды.
—Ит-ау, кеше ұрысқанда сақалың сапсиып не бетіңмен барасың деген жоқ па едің? Енді бүгін екінші түрлі ғып үлгіртіпсің ғой...
—Оны айтқаным да рас еді. Кеше атам үйінен от алайыншы деп барсам, бірсыпыра кісілер жиналып, сөйлеп отыр екен ептеп құлағымды салсам, қауқылдақ үйіндегі қайнаға күліп: «Мінайдардың нағыз оқитын кезі ғой, тісі жаңа түсіп жүр» дейді. Соны есіткенде мүлде күйіп кетіп едім, деп, Маржанкүл бұ жолы күле сөйледі.
Манағыдай емес, екеуі де ашуларын тастап, жадырап сөйлесуге айналды. Шаруашылықтарын да сөз қып қойды жаздай жұмысқа жегілген жалғыз аттың ыңыршағы айналып, жегуден қалғанын, жалғыз бұзауға айырбастап алған қоңыр тоқтының салмалық етінің біткенін айтысты Маржанкүл ұнның біткенін, шайының соңын бүгін қағып салғанын айтты. Мінайдар ертеңіне қалаға бармақшы болды......
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр. Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған. Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде. 2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған. Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.Жоғарыда айтылған мәселелер менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды екенін білдіреді....
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Тақырыбы: «Алтын кілт» Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл - ой қабілеттерін қалыптастыру. Бағдарламалы мазмұны: 10-ға дейін санауды бекіту, 5-ке дейінгі цифрларды тани білу, кеңістікті бағдарлауға білу( оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төмен), көлемін екі белгісі бойынша салыстыру (ұзын - қысқа, қисық - тұзу, жалпақ - жіңішке), геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және сопақша), денелер (куб, шар, конус, цилиндр) білу. Керекті құралдар: Көрнекіліктер: суреттер, алтын кілт, цифрлар, конверт, қорапша, геометриялық пішіндер мен денелер, «алтын теңгелер» кәмпиттер, сандық. Үлестірмелі құралдар: геометриялық пішіндер, екі жолақ карточкалар. .....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Саяхатқа дайындалу №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) Ж 13.Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады. Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді.Қарапайым сұрақтарды қоя біледі.Сөздер мен сөз тіркестерін диалог кезінде қолданады.Сөздер мен сөз тіркестерін жазады......