Реферат: Әдебиет | Абай өлеңдерiндегi көркемдік мекеншақ сипаты

Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды.
Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды.
Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы.
Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан менің көзіммен (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан: менің көзіммен
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.
Сабақ мақсаты: Жаңа сөздер мен олардың синонимдерін пайдалана отырып, өз көзқарасын білдіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Іңкәр Әбдіраш Рүстемқызы (1990 жылы 9 маусым)

Әбдіраш Іңкәр Рүстемқызы - актриса.
1990 жылы 9 маусымда кинорежиссер Рүстем Әбдірашевтың отбасында дүниеге келген.
М. О. Әуэзов атындағы №128 қазақ мектебін үздік бағамен бітіреді.
Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті, «Кино және ТВ» факультетінде «Ойын киносының режиссурасы» мамандығы бойынша тәлім алуда.
13 жасынан бастап вокалмен айналысып келеді. «Томирис» тобының бұрынғы әншісі.
«Айтарым Бар» («НТК») айдарының қазақ тіліндегі жүргізушісі.
Жарнамалық роликтерге, бейнебаяндарға, көркем фильмдерге түскен. «Храбрая сердцем» (Disney туындысы) мультфильміндегі Мерида ханшайымын қазақ тіліне дыбыстаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі түріктердің жазуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түріктердің жазуы 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Түркі дәуірінің атақты тұлғаларының қызметін саралау арқылы VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.1.2 – отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Программаны тестілеу 2-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Программаны тестілеу 2-сабақ
Оқу мақсаты: 8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: Тестілеу түрлерін білу
Тестілеу мәліметтерін білу
Берілген есеп үшін алгоритм трассировкасын жүзеге асыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі замандағы физиканың рөлі 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы физиканың рөлі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың ролі туралы тұжырым жасау және өз ойын дәйектеу.
Сабақ мақсаттары: Физиканың адам өміріндегі ролін бағалау және түсіне білу.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазыма

Аяулы менің ұстазым,

Талабымды әркез ұштадың

Адалдықты үйретіп,

Адамдық жолды нұсқадың.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ақтамберді жыраудың шығармалары

Қазақ поэзиясының, қазақ жазба әдебиетінің түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VII ғас) мәңгі өлмес мұралар жатады. Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түрік тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түрік жазуымен тасқа қашалып қалдырылғанбұл тамаша ескерткіштер қазіргі адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Түрік қағанаттары құлағаннан (XVIII ғас.) соңғы жерде түрік әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне-Жетісу мен Сыр бойына ауысады.
Өзіндік сыпатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениетіде өркендиді.Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты,бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда шартты түрде ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түрік жазуын араб жазуы алмастыра бастайды.
Өлкенің әкімшілік,эканомикалық және мәдени орталықтарына айналған ірі қалаларда маңына оқымыстылар,діндар ғұламамалар топтасқан үлкен мешітте салынады,мектептер,медреселер ашылады.Дәл осы кезде қәзіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім әс-сани»-мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ еместі.Және Отрардан қанаттанған ұлы ғалым жапнда өнген жалғыз бәйтерек болып қалған жоқ.Сол көне күндерде жасаған,шығыста кеңінен танылған астроном әрі математик Аббас Жауһари,филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи сияқтыоқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің биік өресін танытады.
: Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады,енді біразы уақыт шаңы астында із-түзсізжоғалады.Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің ішіндегі ең көнесі,әрі көлемдісі-1069 жылы жазылған ат ақты дидактикалық шығарма- «Құтадғу білік»-.Поэма авторы Юосуф Хас ХадживШу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны еді.Екінші бір елеулі ескерткіш-Түркістан қаласынан шыққан софы ақын Хожа Ахмет Яссауидің «Диуан хикмат» атты өлеңдер жинағы .Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауи өлеңдері өз кезінде сақарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады.
Бұдан соңғы ғасырларда жасаған,қазақ әдебиеті тарихына белгілі мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен Хакім-Ата, Дүрбек пен Сейф Қашғари жазған түркі тілдерінің сөздігі «Диуани лұғатта-түрік» және қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс куманикус»сияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі қазақ поэзиясы, қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат ,құнды деректер береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0