Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: - Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс Сабақ тақырыбы: Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру Сабақ мақсаттары: І Карл мен ІІ Османның монархия формаларын анықтап, шексіз билеуші монарх бола алмау себептерін анықтау......
Пән:Құқық негіздері Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4A Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам Сабақтың тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің басты идеялары неде? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 9.1.2.1 ¬ құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау Сабақ мақсаттары: • мелекетке сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды; • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу; • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;.......
Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты. “Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/. М. Горький ....
Синтаксис (грек. sintaxis–біріктіру)–грамматиканың үлкен бір саласы. Синтаксис сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастырады. Егер де жеке сөздер морфология саласында статикалық (сол тұрған қалпында) тұрғыдан зерттелсе, синтаксисте олар динамикалық (қозғалыста) тұрғыдан қарастырылады. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді. Синтаксис–сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім. Жай сөйлемге қатысты үлкен мәселенің бірі – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері әр тілде әр түрлі зерттелген. Лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызметті атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлемдегі сөздердің саны аз болса да, көп болса да, бір-бірімен мағыналық, тұлғалық байланысқа түсіп, сөз тіркесін жасайды. Ал сол сөз тіркесінің жеке сыңарлары сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады. Сөйлем мүшелерін дәл анықтап, дұрыс ажыратудың басты шарттары мыналар: 1. Сөйлемнің әр мүшесінің өзіне тән жеке сұрақтары болады. 2. Сөздердің бір-бірімен байланысына қарай басынқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойылады. 3. Ол сөздердің қандай грамматикалық тұлғада тұрғандығын білу шарт. Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфологиялық категориялары бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында көрсетеді. Кейде сөздің лексикалық мағынасының өзі сөйлем құрамы арқылы айқындалады. Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсінікті болу үшін, ондағы сөздер өзара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс. Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұруы және жалғау, шылау сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұлғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы талаптар дұрыс орындалмаса, сөйлемдегі сөздер өзара берік байланыса алмайды да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына жете алмайды. Сөйлем құрамына енген сөздерді өзара таптастырғанда, оның рөлі мен маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, тұрлаулы, тұрлаусыз болып екі топқа бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.
Ι ТАРАУ Пысықтауыш және оның зерттелуі Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды.....
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр. Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін. Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр.Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға,салықтарға,шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды.Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылып қалу қаупі бар.Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмінің жоқтығы болып ....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды, Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде. Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма. Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.....
Кіріспе «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді, ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы, қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта –облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтыны, оқу мен білімге деген надан әкімдердің енжарлығы да болды. ....
Зигомицеттер (Zygomycetes)- саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық клеткалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді. ....