Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кімнің мекені жақсы? (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Оқу мақсаттары: 2.2.3.2 Жоспар/ иллюстрацияны негізге алып мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.
Сабақ мақсаттары: Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Баянсыз бақ

Нұрлыбай көзі кіртиіп, қабағын тыржитып, үстеліне сүйеніп бірсыпыра салбырап тұрды да, барқытпен көмкерілген жұмсақ үстелге сылқ етіп отыра кетті.

Нұрлыбайдың жазу үстелі қай қызметкердікінен болса да артық. Қызметкер дегенің нақа бір шаруашылық орнында істеп, соның бір еңбек сіңіріп кетейін дегені болмаса, көбі жазу. Үстелін жөндеуді білмейді ғой. Қызметкерлерің былай тұрсын, күндіз-түні жаумен айналысатын жазушылардың көбі де ақсақ үстелден қол үзе алмай жүр. Далада өскен қазақ баласы, нақа бір кент әйеліне үйленгені болмаса қала тұрмысын бір жөндей қоя ма?

Нұрлыбайдың өзгешеден бір артықшылығы — осы жазу үстелін жөндегендігі. Жөндегенде — нағыз оңдысы, сырлап тастаған тартпалы үстел.

— Үстелің онды екен, — деп қызығушы болса:

— Осында бір таныс жігіт бар еді, соның істеп бергені... Керек болса, істетіп берейін, - деп жымыңдайды.

Сөйтіп, Нұрлыбай арқылы әлгі «шебер жігіт» басқада қызметкерлермен танысып, араласып кетеді. Шебер жігіттің түпкі тілегі де осы қызметкерлерге араласу болғандықтан, ол Нұрлыбайға істеп берген үстелінің басы толықтанды деп біледі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілім қазақ тілі

(Мектеп шәкірті үшін жазылған).

Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар ол өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз – ежелден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Тіпті ұлтымызда асыл ана тілімізге арналған мақал-мәтел, түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Халқымыз, мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕДЕЙШІЛІК

КІРІСПЕ
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.
2007 - 2009 жылдары Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту үшiн тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға бағытталған белсендi саясат жүргiзiледi.
Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ

Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)

Жапырақтар,
әр түрлі ән құрарсыңдар,
Алдарыңда әртүрлі тұрар сындар.
Нәзіктерім,
сендермен сырласайын,
Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар.
Ұғарсыңдар,
ұғу да,
тану да арман,
Жасарыңдар,
жасқанбай жауын, қардан.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазылымды қалыптастыру (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер.
Сабақтың тақырыбы: Жазылымды қалыптастыру
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Ресми стильдің талаптарын дұрыс қолдану,
Көптеген оқушылар:
• Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін түсініп қолдану арқылы жазба жұмысын жазады.
Кейбір оқушылар:
• Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын қолданып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Егер мен сәулетші болсам Tура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Егер мен сәулетші болсам... Tура және ауыспалы мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ мақсаттары:
• берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек
Оқу мақсаттары: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп,теріп оқу;
4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді;
Көпшілік оқушылар: өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады.
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіре отырып жазады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0