Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс туралы әңгіме жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Демалыс туралы әңгіме жазу №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
2.4.2.1 Сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.
4.5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану
2.4.5.1 Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісін қолданады.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып жай сөйлемдер жазады. Әңгімелеуде көмекші сөздерді қолданады.
Көбі: Оқиға реттілігін сақтап, тақырыпқа сәйкес әңгіме жазады және әңгімелейді.
Кейбірі: Кез-келген әңгімені, ертегіні жүйелі жаза алады және әңгімелей алады...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
Сабақ тақырыбы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Көшпелілердің қолданбалы өнері киіз үйдің құрылысын сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.1.2 – отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;
Сабақтың мақсаты: Патша өкіметінің қоныстандыру саясатының негізінде қазақ қоғамындағы өзгерістерді талдайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Шешім қабылдауда тұрақсыздық

Профессор аудиторияға қолында бір ыдысқа салынған тышқан әкеледі де бетін жауып үстелінің үстіне қояды. Студенттерге қарап «Мына ыдысқа ешкім тимесін» деп аудиториядан шығып кетеді. Студенттер мұның мәнін түсіне алмағандықтан ешқайсысы әлгі ыдысқа жақындамайды. Екі күннен кейін келген профессор ыдысты ашады. Ыдыс ішіндегі тышқан өлген болатын. Студенттерге қарап тышқанның неліктен өлгенін сұрайды. Әрбір студент өз пікірлерін айтып шығады. Ауа жетпегендіктен, сусыздықтан, аштықтан т.б. Профессор ыдысты көтеріп студенттерге қаратып көрсетеді. Ыдыстың іші жан-жағынан кемірілген болатын. «Қараңдар, тышқан шығу үшін ыдыстың барлық жағын кеміріп, шығу үшін көп тырмысқанын байқауға болады. Тышқанды өлтірген аштық, сусыздық, ауасыздық емес. Тышқанды негізі “шешім қабылдауда тұрақсыздық” өлтірді. Тышқан ыдыстың барлық жағын кеміргенше, бір жерін ғана кеміргенде және осы шешімде тұрақты болғанында шығып құтылар еді» дейді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балаңыз қақалып қалса не істейсіз

Бала еңбектегеннен бастап, қаз басқанша әр нәрсені аузына салып, тіпті өзге затты жұтып қоятын қылықтары кездеседі. Мұндайда баланың ата-анасы жедел жәрдем келгенше не істеу қажет?
Ең алдымен баланың тыныс алуына назар аударыңыз. Егер бала дұрыс дем ала алмай, жылап, еріндері көгеріп жататын болса, жұтып қойған бөгде зат тамағына не жоғарғы тыныс алу жолына тұрып қалған. Мұндайда бала дауыс шығармауы да мүмкін. Қатты қызарып, талып қалады. Сіздің алғашқы әрекетіңіз,
1) Орындыққа отырып, баланы тізеңізге жатқызыңыз. Басы төмен қарау керек, яғни тізеңізге оның іші тисін.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады. Сондықтан Ұлттық банктің еліміздің орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен саясаттарын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк елміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады.
Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдарын анықтау және талдау жасау

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұқсастық)

Босанған Ана.
Көктемде дала бусанып,
Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық.
Толғатып дала,
Есен-сау Ана ұл тауып,
Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,
Тершиді Ана,
Тершиді дала қымтанып. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әнші Әміре № 5 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Әнші Әміре № 5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтінді түсінеді, мұғалімнің көмегімен нұсқауларды орындайды, қарапайым сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдағана мәтін бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, үлгі бойынша жай және құрмалас сөйлем құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, нұсқауларды өз бетінше орындайды, жай және құрмалас сөйлем құрастыруда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0