Сабақ жоспары (ұмж): XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: ІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау
7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану
Сабақ мақсаттары: ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздікті суреттеу әдістерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Хақназар хан

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Бақыр бас

(этнографиялық әңгіме)

«Жұртқа келген селебе, селебені елеме» десе де, халық елге келген обадан осы заманғы үйлерде хлорофостан қырылған тарақандай жайраған бір кердері кезең болса керек-ті. Аурудан әбден ығыр болған жұрт Үкітайдың баласы Әлтай аяқ астынан қатты ауырып сандырақтап жатыр дегенді естігенде, аза бойлары қаза болды. Ауылдас ағайын жесір қатын, жетім баланың жалғыз түйесін есігінің алдына әкеліп, тіздеп тастады. Он шақты уақ-жанын бөліп, оны осы шетте отырған үйдің төңірегіне иірді де, басқалары апыл-ғұпыл үдере көшті. Кім біледі, Әлтайдың аяқ астынан ауырғанына қарағанда малға келген қарасандай елге тағы да оба, әлде сарамас сияқты әрбір үйден ойбай шығарып, кейбіреулерінің түндігі ашылмай қалатындай қисыпыр жасайтын бірдеме келіп қалған болар. Ондайда ең дұрысы іргені аулақ салып, түп көтеріле көшіп кету болмақ.

— Кім біледі, Үкітай, топырақтан тысқары болсақ әлі-ақ кездесерміз, әлі-ақ ондай күн туса ғана бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеп отырармыз. Мына мал-жанына ие бол! — деді ат үстінен үйге түспестен Жармақ шал. Сырттан айтқан сөз Әлтайдың құлағына анық-ақ жетті......
Әңгімелер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мақтаншақ қоян ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары

Кіріспе
География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады. Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология.
Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Болашақ үшін)

«МАЙДАНҒА! МАЙДАНҒА!»
Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп
Боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса, уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайын, басын.
Жабады дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы(1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы(1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
Сабақтың мақсаттары: Мәтін тыңдай отырып, мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын іштей саналы түрде түсініп оқиды, мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтай алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын білдіріп тұрға мәтін бөлігін көрсете алады;
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, мәтін бөлігінен шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.............
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0