Реферат: Экономика | Еңбек нарығы Жалақы факторлық табыс ретінде

Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы қалыптасады.
Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.
2006 жылдың екінші тоқсанында алдын ала деректер бойынша жалдамалы қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың баламалы тоқсанындағыға қарағанда 255,1 адамға, яғни 5,8 пайызға көп. Олардың 38,8 пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5 пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 миллион адам немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеген көрінеді.
Ал енді, республика экономикасында 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,3 миллион адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантады. Жұмыспен қамтылғандар құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі 63,8 пайызды, ал өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында 1,3 миллион адам, қызмет көрсету секторында 3,6 миллион адам қызмет көрсетуде. Осы тұста үстіміздегі жылы жұмыссыздар саны 634,1 мың адамды құрағандығын айта кету керек. Соның салдарынан осы салада бүгінгі таңда республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызды құрап отыр....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ғимараттар сөйлейді (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Ғимараттар сөйлейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.1.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Оқу мақсаты: Мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау және сөз/сөйлем сызбасын құрастыру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ойна да ойлан ойыны

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, есептер шығаруға талпындыру , ұлттық дәстүрлерді дәріптеу. Ойын үстінде балаларды сергіте, қуанта отырып , белсенді әрекетке жұмылдыру , ой-өрістерін , тіл байлығын дамыту. Ойын арқылы білімдерін жетілдіру , балаларды сабырлыққа , ептілікке , шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Сандар, қоржын, асықтар, орамал, тенге, үлгі.
Керекті құрал-жабдықтар: Ақ парақ, субояқ, түсті қағаз, желім, қайшы, дымқыл сулық.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер (пейіл, ықылас, талап, ниет, ілтипат, көңіл)

Әркім қылығынан табар,
Пейілінен жазар.

Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.

Игілік басы - ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.

Бір жаманның ниеті түзелсе
Екі жаманнаң беті түзеледі.

Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.

Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер
Сабақтың тақырыбы: Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»
Оқу мақсаты: 10.4.2.28 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Этанолды әр түрлі жолдармен алу әдістерін танысып, алу реакция теңдеулерін құруға дағдылану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астрономия негіздері
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну:
• Параллакс және базис анықтамаларын біледі;
• Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықтың қалай анықталатынын біледі;
• Астрономиялық бірлік, Жарық жылы және Парсек деп аталатын астрономияда қолданылатын қашықтық өлшеу бірліктерінің физикалық мағнасын түсінеді және біледі:
• 1 а.б., 1ж.ж. және 1 пк қашықтық өлшем бірліктерінің сан мәндерін біледі:
• Параллакстың қандай түрінің жұлдыздарға дейінгі қашықтығының көрсеткіштері болып табылатынын біледі;........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгеруі
Сабақ тақырыбы: Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.6 қайнау үдерісін зерттеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар тиіс
Білу:
- қайнау, қыздыру қисығы, қайнау температурасы түсініктерін білу
Түсіну:
- қыздыру қисығы мен қайнау температурасы қандай факторларға тәуелді болатындығын түсіну
Орындай алу:
- қайнау түсінігін булану түсінігінен ажырата алу;
- суды қыздыру қисығының өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алу........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келіп қуандым,
Құрал-сайман қолға алдым.
Ұямды мен салайын,
Ұрпағымды жалғайын!
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстанда банк қызметтерін дамытудың перспективалары және мәселелерi

Зерттеу жүргiзудiң өзектiлiлiгi. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баÿғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реôормалаудың ½зақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реôормалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ана - бақыт қыз - гүл

Қатысушылар:
1) Сидалы Назерке анасы Гульбанумен бірге
2) Бағдат Арайлым анасы Нұргүлмен бірге
3) Жиеналина Армангүл анасы Алтынгүлмен бірге
Сайыс мақсаты:
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Тәрбиеші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», - деп, аналарға деген құрметін білдіреді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0