Тақпақ: Күз

Шөп сарғайып,
Ағаш қурап,
Гүлдер де солады.
Жаңбыр жауып, жел соғады.
Бұзылады табиғат.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциз салығы

Кіріспе
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұратылық және қоғамның үйлесімі;
3. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу;
4. Республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетикалық ресурстар;
6. Инфрақұрылым;
7. Көлік пен байланыс;
8. Кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық-бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Сен тұр сен шық

«Сен тұр, сен шық!» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады:— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.

Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.

«Бүк» дегенде бүгіліп қалган саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы

1.Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы
Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек.
Дей тұрсақ та, Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүниесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен ролін, ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан бірде – бір қомақты монографиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептің оқу- тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе белгілі бір пәннің көлемін де ғана халықтық салт – дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгі - өнегелерін пайдалану әдістемелерін көрсетумен шектелген.
Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу - тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырылған мәселедегі басты ұғым - « Халықтық педагогика » терминінің мәнін анықтауға, оның құрылымдық элементтерін , ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған. Ал зерттеу объектісі ретінде алынып отырылған кез – келген проблеманың шешімі, көбіне – көп құрылымдық элементтерін, яғни оған қатысты негізгі ұғымдардың мәнін, олардың өзара байланысы мен сабақтастығын, өзіндік ерекше белгілері мен қызметін дұрыс анықтауға байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Толғақ)

...Дөңбекшиді бір отырып, бір құлап,
Бебеулейді беймаза бір күй құрап.
Қары талып қалғанына қарамай,
Жатыр біреу сегізкөзін бұрғылап.
Шайқағандай мұзды мұхит сеңі ұрып,
Қаратпайды қара құйын еліріп.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н Ақышев
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, қажетті ақпаратты тауып оқиды
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, қажетті ақпараттарды тауып, түсіндіре алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдері (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму және селекция негіздері
Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдері
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу
Сабақтың мақсаты: Жердегі тіршіліктің негізгі кезеңдерін сипаттау .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы инвестицияларының дамуының перспективалары

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттын дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға мүмкіндік береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0