Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру

Кіріспе
«Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесінің дамуы» атты жұмысында біріншілердің бірі болып У.Петти «жұмысқа қабілетсіз» адамдарды қолдауды, яғни өзінің жарамсыздығы салдарынан еңбек ете алмайтын, мысалы, мүгедектер және кедейлер мен жетім балалар туралы айтқан. Сол кездерде қарттарды қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті болып табылмайтын, мемлекект тек қана жұмысқа қабілетсіз болған жағдайда және қарттық шаққа жинақ жасауға мүмкіндік беретін табыс алуға мүмкіндік беретін. Әлеуметтік қажеттіліктерге мемлекеттік шығындар туралы У.Петти былай деп жазған «… кедейлердің жалақысын шектеу әділетті емес, өйткені олар жұмысқа қабілетсіз шақтарына жинақ жасай алмайды (жұмыстың жоқтығы немесе қарттық шақтың келуі)».
Классикалық мектептің өкілдері (Франсуа Кэне, Жан Батист Сэй, Адам Смит, Давид Рикардо, Томас Роберт Мальтус) мемлекеттің елдің әлеуметтік аясына араласуын қолдаған. Сонымен қатар, Д.Рикардо мемлекеттің міндеттеріне тек қана көп балалы жанұяларға, жетім балаларға көмек пен кедейлердің жағдайын жақсартуды жатқызған.
Қарттарды қолдау мемлекеттің міндеті емес деп санаған жоғарыда көрсетілген классикалық мектептің негізін қалаушыларға қарағанда неоклассицизмнің өкілдері керісінше бұл мемлекеттің ерекше хұқығы деп санаған. А.Маршалл, К.Менгер, Г. фон Шмоллер және т.б сияқты берілген мектептің өкілдері мемлекеттің қоғамдағы әлеуметтік процесстерді реттеуін қалаған. Сонымен қатар, А.Маршалл қарттарға «ең бастысы экономикалық көмек» көрсетуге болады және мемлекеттік көмек «жомарт» болу керек деп санаған.
Қорытындылай келе, нарықтың өзін-өзі реттеу қабілеті, ел экономикасының әртүрлі салаларына мемлекеттің кіріспеуі қажетті қолдау көрмеді. Сонымен қатар, қоғамда және де ерекше түрде әлеуметтік қамтамасыз ету аясында болып жатқан процесстерді мемлекет реттеу керек.
Германия, Франция, Англия сияқты мемлекеттер кедейлерді әлеуметтік қорғау туралы мемлекеттің осындай қағидаларынан қолданыс тапты.
Осылайша, әлеуметтік сақтандыру жүйесі қоғамның экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылады.
Макродеңгейдегі әлеуметтік қорғау жүйесінің негізі болып минималды өмірлік стандартты қолдау мен өмірді қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету табылады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі табылады. Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Осылайша, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ең күрделі және көп функционалды экономикалық жүелердің бірі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы табиғат ерекшеліктері

.Бімділілік: балаларға дәстүрден тыс үрлеу әдісі бойынша қар кесегін түтікшемен үрлеп салуға үйрету. Қысқы табиғат ерекшеліктерін ажыратуға, атап айтуға үйрету.
Дамытушылық: қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қар кесегінің суреттері, кляксография әдісі ақ қағаздар, қысқы табиғат ерекшеліктерін ажырататын видео ролик.
Қажетті құрал - жабдықтар: тушь көк түс, гуашь ақ түс, ақ қағаз, сүлгі, түтікше видео ролик.
Сөздік жұмыс: Қар кесегі.
Көптілділік: Қар - снег - snow

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге Халықаралық аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын! Әрбір отбасында тыныштық, береке тілей отырып ертеңгілігімізді бастаймыз
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсыз да балғын шақта балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Рабиға Көптілеуқызына беріледі.
«Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Айнадинова Кәусардың орындауында «Маленькая страна» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Көктем

Жүргізуші: Балалар, көктем аруын ортаға шақырайық
Балалар: Көктем, көктем

Көктем:
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауамда
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелем
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Топырақ ресурстары

Литосфера-(грекше – lithos-тас +sphair-шар)- жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйедегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев
XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатыныс деп көрсетті.
Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәнінде маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен энергетикалық сиыьдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өдігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күзгі еңбек (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Уақыт
Сабақтың тақырыбы: Күзгі еңбек
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3 Тыңдаған аудио, бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша даму желісін иллюстрация бойынша орналастыра алады.
Көпшілігі: тыңдаған материалдың мазмұнын даму желісі бойынша иллюстрацияға орналастырып, дәлелдер келтіре алады.
Кейбірі: тыңдаған материалдың мазмұнын өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қолөнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Қолөнер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
2.2. Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3.2.2.1.берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы мәтінді түсінеді, жай сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтін мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша 3-4 сөйлеммен әңгімелейді.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, құрмалас сөйлем құрастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әріптер сөздер емле және грамматика (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Әріптер,сөздер,емле және грамматика
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)Т/А 4 Астарлы мағынаны болжау.
О1 Ақпаратты түсіну Ж2 Берілген сөздерден өздігінен сөйлемдер құрап жазу
Сабақ мақсаттары: Т/А Тірек сөздерді дұрыс қолдана отыра, сөйлеу қабілетін дамытады.
О2 Берілген ақпаратты түсінеді.
Ж2 Тірек сөздерден сөйлемдер құрап жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күнделік жазу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы: Күнделік жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: (ОБ сілтеме) 2.4.1.1 Жай сөйлемдерді жазады, мәтінді құжаттар редакторында баса алады
2.4.4.1 Орфография ережелерін басшылыққа алып жаңа сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім:Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады.
Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады,өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табады, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді.
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойына қатысты өз ойын білдіреді, көркемдеуіш сөздерді ажыратады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0