Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Хан Кене
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.4.1.1 Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасау арқылы детальді ақпаратты анықтауға, жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді дұрыс жазуға үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балапан және оның достары (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімнің тақырыбы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: Балапан және оның достары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
ӘТН 4.2 Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Мәтін мазмұнын болжай алады және өз нұсқасын жазу кезінде еліктей сөздерді орынды қолдана алады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қараша)

Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған) - танымал кино және театр актері. тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Өмірбаяны
Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. Үйдегі тоғыз баланың кенжесі. 1997 ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. 2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим дәуірлер тоғысында
Сабақ тақырыбы: Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру
5.2.1.1 негізгі діни ұғымдарды (Құдай, ғибадатхана, қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру
5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Император Константин кезінде ежелгі римдегі әлеуметтік құрылымына, және жалпы қоғамдағы өзгерістерді анықтау
Ұлы Константин император христиан дінін қабылдаған кезде христиандардың жағдайы қалай өзгергенның анықтау
Христиан діні Рим империясын қалай өзгерткенның білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ақмарал Берекетова | Жолың болсын жолаушы


Біз мінген вагон лезде лық толды. Адамның әр түрін көрдік. Әр жақтан мінсек те, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бізбен бірге мектеп оқушылары да мінген болатын. Поезға мінгеннен көзіме алғаш көрінген солар еді. Әңгімелесе келе, олардың қайда, не себеппен бара жатқанын білдім.

Олар дәстүрлі ән айтудан республикалық деңгейдегі жарысқа бара жатыр екен. Күні бойы домбыраларын тастамай, ән айтып, жаттықты. Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің. Дәстүрлі ән – ұлт қазынасы. Осы қанатты сөзді ұранындай көретін жандардың бірі – осылар.

Мен бұл балалардың өнерін көргенде, қатты қуандым. Олардың „91” тобы секілді шетелдік жұлдыздарға еліктемей, елімнің дәстүрлі әнін таңдауы жанымды жадыратты. Айгүл Қосанова, Нұрым Асқановтар сияқты Маңғыстауды әлемге танытатын жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Өнердің өлмейтіндігінің бұл да бір айғағы. Қоңыр домбыраға құс қанатты әуен қондырған әннің болашағы алда да биік. Күй мен әнді кезектестіре тартып, олар бізге де шабыт сыйлады. Олардың түсетін кезі келді. Мен оларға шын жүректен сәттілік тілеп, „Жолың болсын, жолаушы”- деп қала бердім.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Алматы Құс ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау

Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша және бағалы қағаздар азаматтық құқығының объектілері ретінде

Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің “экономикалық конституция” жаңа Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Бойға доп дарытпа

«Бойға доп дарытпа» — ойын кең алаңда, мектеп ауласында ойналады. Ойынға жиналғандар алдымен оның мазмұнымен танысып алады. Ойынға кішірек доп пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер құрып тұрғаннан кейін, екінші топтағылар оның сыртынан 8—10 метр қашықтықта орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Допты алған екінші топ мүшелері, ортадағы бірінші топ мүшелерін доппен ұрады. Ал ортадағылардың міндеті — бойларына допты дарытпау. Доп тиген ойыншыны сыртқы топ өз қатарларына қосып ала береді. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп болғаннан кейін, енді олар шеңбер сыртында тұрған командамен орын ауыстырып, оны ортаға алады. Сөйтіп, бұл топтағы ойыншылар да алдыңғы топ орындаған барлық талаптарды орындайды. Ойын қайталанып жалғаса береді. Бұл ойын — ойынға қатынасушыларды дәлділікке, айла-амал қолдануға, сезімталдыққа баулиды.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0