Курстық жұмыс: Лингвистика | Когнитивтік лингвистика

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.
Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В.фон Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Криптографиялық интерфейс

Ақпараттарды қорғау мәселесі 80-жылдардың соңы мен 90 жылардың басында ақпаратқа қатысты, осы аймақтағы мамандарды мазалай бастады. Оларды мазалағаны компьютерлік қауіпсіздік пен көптеген дербес компьютерлерді, қолданушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін болатын. Бұл компьютерлік технологиялардың терең дамуымен, байланысты болатын. Сол кезден бастап «ақпарат» ұғымына деген түсінік те өзгерді.
Қазіргі кезде ақпарат ұғымы – бизнесте де, үлкен масатқа жету үшін қолданылатын құрал болып табылады. Және қорғау да, өте тиімді құралға айналды, бұл өндіріс үшін ақпараттарды қорғаудың, өте жақсы белгісі болып табылады. Бірақ та ақпараттық технологиялар көп қолданысқа ие, құралдардың бірі болып табылады. Сондықтан қазірігі кезде көп сатылы қорғанысты қолдану қажет болып отыр. Дегенмен де ақпарат иесінің ақпаратын сақтау үшін де, үлкен көлемде ақша төлеуіне тура келеді, өйткені бұл өзінің ақпаратын сақтауға, тиімді жол болып табылады.
Тағы айта кететіні ақпараттық сфера саясатқа да әсер етуде, тек саясатқа ғана емес, эконмикаға және басқа да қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін, қажет болып отыр.
Ақпаратты қорғаудың қажеттігі артуда, ол санкциясыз қол жеткізуді кіруді, ұрлық, ақпаратты жою іс әрекетерін тыю үшін қолданылуда. Бірақ көптеген қолданушылар мұны моиындамай, жеке құпияларын қауыпсіздіксіз сақтауға тәуекел етуде. Соның ішінде азғанатайы ғана, әйтеуір кейбір әдістермен, өз мәліметтерін сақтап қалуда.
Сонымен, бұл жағдайларды жою мен ақпараттың қауіпсіздігін сақтау үшін, криптоинтерфейс пен криптожүйелерді қолдану өте тиімді болып отыр. Өйткені қазіргі кезде, криптожүйелік шифрлауды кең түрде қолдануды артыру қажет деп ойлаймын.
Әр адам шифрлау туралы әр түрлі түсінікте болуы мүмкін. Дегенмен нағыз криптография дегеніміз – бұл нақты бір ақпаратты құпиялық түрде шифрлау мен қорғау тәсілдері десек те болады. Бірақ криптография (strong cryptography) ол өте үлкен жағдайдағы құпиялықты, қамтамассыз етуіге қажет. Ол дегеніміз – криптографиялық ақпараттарды, сенімді түрде қорғау үшін және көптеген ірі ұйымдармен мысалға алсақ мафия, трансұлттық корпарациялардан, және ірі мемлекеттерден ақпаратты олардың алуынан, сақтау мен қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет. Қазіргі кездегі криптография, бұрынғы кездері тек әскери мақсаттарға ғана көзделіп қолданылған, десек те болады. Бірақ қазір, ақпараттық қоғамның құрылуына байланысты, бұл орталық құралға, яғни ақпараттардың қауіпсіздігін сақтау үшін кең түрде қолданылуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Арман қала)

Арқа төсі гүлденді,
Бәйшешектер құлпырып.
Қызғалдақтар, сарғалдақтар жайқалып,
Нұр аспанның шуағына шаттанып.
Жылдар жылжып, заман дамып,
Пайда болды картада.
Жаңа қала, сәнді қала - Астана,
Бейбіт қала бас...
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қ Р Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір
түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан
төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер
Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін
арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
тәртіппен жыл сайын жүргізіледі ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол -құқықтық мемлекет құра отырып, толық ақпараттандырылған мемлекеттік басқару жүйесін құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді және біздің республикамызда ақпараттық жүйені енгізу, тасымалдау және құруға байланысты әр түрлі мағлұматтар экономикалық әдебиеттерде әлі де толық зерттелмеген тақырып болып табылады. Соңғы жылдары есептеуіш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекетті басқарудағы ақпараттық жүйені қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенің дамуын қарастыру – мемлекетті басқарудың аспаптық тәсілі ретінде өзекті мәселе болып отыр.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
ТМД елдерінде қазіргі ақпараттық экономикалық түрде басқаруды құру мәселесін бұдан он үш жыл бұрын қарастырды. Минскіде 1995 жылы 26 мамырда Тәелсіз Мемлекеттер Достастығында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру бойынша саяси келісім өткізу шешімі қабылданды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің ролі

Мұғалімді дайындау мектептегі оқытуды компьютерлендіру жұмысының табысты кілті болуы сөзсіз. Кептеген елдерде бірінші орында қорларын құрал-жабдықтарға бөледі, содан соң программалық қамтамасыз етулерге және ең соңында мұғалім дайындауға бөледі. Бұл кезек қазіргі кезде өзгеріп жатыр, бірақ процесс өте баяу өзгеруде. Мұғалім ролінің дамуы қалай? Көптеген мүғалімдерде компьютерге оқушымен қарым- қатынасты нашарлататын кедергі ретінде қарайтын теріс көзқарас пайда болған. Олардың ішінде кейбіреулері компьютерлік сабақтарды оқушылардың бір-бірін көрмей тек дисплей мен пернетақтаға қарайды, ал мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Күрделі оқып үйретуші программалармен жұмыс істеу өте қызықты, жене сәтті құрылған программалар оқытуды белсендетіп, қарқындатып педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырған кезде туады.
Мұғалім компьютерлік сабақты жүргізуге дайын ба, ол пән бойынша жасалған оқу бағдарламасымен компьютерді жаңалық енгізе отырып пайдалана ала ма? Бұрындары мамандар мұндай дайындық жоқ деп ескертсе, қазіргі кезде де бұл сұрақтарға ете сақтықпен жауап беріледі. Әрине, информатика пәні мұғалімін оқып үйретуші программа мен оқытуды автоматтандыру жүйесін қолдана білуге үйрету оңай. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Математика | Алгоритмнің жазылу түрлері

XXI- ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Дегенмен алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып оқыту жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-қайшылық пайда болды.
Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады :
1) бастапқы бөлімдері болады,
2) атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс,
3) әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт,
4) соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс,
5) алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының ( класының) баршасына жарамды болуы керек.
Алгоритмдік бейімділік пен машық деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шешу бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау)» деп түсінеміз.
1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің — орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің — жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шешілетінін, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.
2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.
3. Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер схемасын құру, таблицалар толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану.
4. Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне көшу.
5.Бастауыш сыныптардан белгілі алгоритмдерді білу және оларды қолдана алу.
6. Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.
7. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төлқұжатсыз саяхатшылар (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Төлқұжатсыз саяхатшылар
Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.
Сабақ мақсаттары: Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ерлердің ұмытылмас ерлік ісі

Уақыт деген сөздің мағынасын әр адам, әр тарихи оқиға өзінше түсіндіреді. Біреулер бір күннің, бір сағаттың қадірін білмей жатса, әр минуттың қадірін білетін адамдар да бар. Уақыт кейде сәт сияқты көрінгенмен, кейде минут ғасырдан да ұзақ... Бір минутта жарылған снарядтан қаншама адам көз жұмуы мүмкін, бір сәтте, бір кезде. Елден сағына күткен хатты тосқанда уақыт, тіпті, тоқтап қалғандай болады. Әттең, тарих бетін шимайлаған осындай уақыттарды, оқиғаларды сызып тастап, бейбіт, тыныш, бақытты сәттерді жазуға мүмкіндік болғанда ғой! Миллиондардың, мыңдардың арманы – соғыста қаза тапқан жақындарын, ойрандалған отбасыларын қайтару. Алайда, уақыт өтті, соғыс бітті, қалғаны сол соғыс туралы ойлар мен естеліктер, сол соғысты өз көзімен көрген азды-көпті жауынгер аталарымыз.
Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған, сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Ұлы Отан соғысы дегенде, төрт жыл бойы қазақ жері, қазақ халқы үшін өз жанын аямай күрескен батырларымыз, атам елестеп, көзіме жас келеді. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Бұл соғыс миллиондаған адамдар өмірін қиды, көптеген қалалар мен елді мекендер төңкерілді. Соғыс әр шаңыраққа, әр отбасының өміріне жазылмас жара қалдырды. Сол сұрапыл соғысқа менің атам Кәмен Оразалин да қатысқан. Атам 1920 жылы Абай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы 19 жасында атам әскерге шақырылған еді......
Шығармалар
Толық
0 0