Сабақ жоспары (ұмж): Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: 610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алкендер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: Алкендер
Оқу мақсаттары: 9.4.3.9 -қанықпағандық ұғымын сипаттау
9.4.3.10 -этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.4.3.12 -пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу
Сабақ мақсаттары: - Алкендердың гомологтық қатарын еске түсіреді және алкандардан ерекшелігін үйренеді.
- Алкендердің изомерленуін қарастырады.
- Алкендердің номенлктурасын үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор 2-сабақ (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Сабақтың тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор 2-сабақ
Оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Антропогендік фактор ұғымының анықтамасын біледі; Антропогендік факторларға мысал келтіреді;
Сабақтың мақсаттары: Экожүйе туралы түсінік қалыптастыру, антопогендік факторларға мысал келтіре алады........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ампулалық бездер

Ампулалық бездер (glandulae ampullares; лат. glandula — без, лат. ampulla — ампула, қампима) — еркек жануарлар шәует жолының несепжыныс өзегіне ашылар алдындағы ампула тәрізді қампиып кеңейген бөлігі қабырғасында кездесетін бездер. Ампулалық бездер құрылысы жағынан тарамдалған көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Қабандар мен еркек мысық тұқымдастары шәует жолдарының төменгі бөліктері, басқа жануарлардағыдай, қампиып кеңеймейді. Бірақ, олардың қабырғаларында да ампулалық бездер болады. Бұл бездердің сөлі қоректік заттарға бай болып келеді. Сондықтан, шәуетке араласқан без сөлі сперматозоидтар үшін қосымша қоректік орта қызметін атқарады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ЖТБ-ның сепсисі

ЖТБ-ның сепсисі.



ЖТБ-ның сепсисі полимикробты ауру, әртүрлі микробтармен шақырылады: стафилококктар, стрептококктар т.б.



Сепсисті қанның қабынуы деуге болады. Инфекцияның қанға өтетін қақпалары- кіндік жарасы, тері, демалу және асқорыту мүшелерінің шырышты қабықтары. Ауру баланың жалпы жағдайының бұзылуымен сипатталады: әлсіздік, денесінің температурасы көтеріледі, терісі бозарып сұрғылт тартады, бала тынымсыз, тәбеті төмендеп, жиі құсады, салмағы төмендейді, дәреті сұйылады, зәрінде паталогиялық өзгерістер болуы мүмкін, қан анализінде қабыну процессінің белгілері-лейкоцитоз, ЭТЖ-ның көтерілуі. Әртүрлі мүшелерде /өкпе, бауыр, бүйрек, сүйек/ септикалық ірің ошақтары пайда болуы мүмкін.



Емі:



Антибактериалдық терапия-мақсаты: қанға өткен микробтарды өлтіру, балаға ұзақ уақыт антибиотиктер бұлшықетке, көктамырға алмастырылып енгізіледі.

Детоксикалық терапия-мақсаты: қандағы уыттар мен токсиндерді шығару-баланың венасына тамшылатып көп мөлшерде сұйықтықтар құйылады-5%глюкоза, гемодез, ас тұзының физиологиялық ерітіндісі, Рингер сұйықтығы және т.б.

Гипосенсибилизациялаушы терапия-мақсаты: организмдегі микробтардың және антибиотиктердің шақырған аллергиясын төмендетеді-супрастин, тавегил, димедрол т.б.

Витаминдік терапия-мақсаты: зат алмасуын реттеу А,В,С витаминдері егіледі немесе ауыз арқылы беріледі.

Ынталандыру терапиясы-мақсаты:организмнің белсенділігін көтеру-қан, плазма, иммуноглобулиндерді құю /өте қажет болғанда/.

Арнайы терапия-сепсис стафилококкпен шақырылғанда өткізіледі-балаға стафилококқа қарсы плазма, гамма-глобулин егіледі......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Кештің мына ғажабын ай ғажабын

Кештің мына ғажабын-ай, ғажабын!

Аздап масаң сияқтымын мен деген.

Махаббатын бөлісуге азабын,

Сені таңдап күтіп тұрмын өзгеден.

Сен де міне көз көрімде,

Маған беттеп келесің.

Машинаға тиіспіз жол беруге,

Аздап бізді бөлетін.

Олар үшін, тәйірі, асығыспыз біз неге?

Ал бағдаршам тіптен бейғам,

Көзін қысып дегендей ме бірдеңе.

Көп күттірген кездесуге

Көк жарықты жарқ еткізші бір демде.



Талгат Гарипов

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЙЫП ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТҮЗУ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ары қарай -ҚІЖК) алдын ала тергеу орындарының алдына бірқатар күрделі міндеттер қойды.
Оның алғашқысы — ҚІЖК-нің қылмыстық сот істі жүргізудің сотқа дейінгі сатысына қатысты талаптарды мұқият зерттеу. Оны шешу тергеу бөлімдері басшыларының алдағы маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Біріншімен тығыз байланысты екінші міндет - практиканың әдістемелік материалдарға мұқтаждығын қанағаттандыру, онда ҚІЖК-нің ережелері ескеріліп, қылмысты сапалы тергеу және қылмыстық істер бойынша заңды шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар баяндалуы керек.
Құқық қорғау органдарына жас мамандар көптеп келіп жатыр, соңдықтан бұл өзекті мәселелер шешімін табуы керек.
Дипломдық жұмыста тергеушілер назарын негізгі екі тұсқа аударып отырмын. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Іле өзенінің су режимі

Берілген Курстық жұмыста қарастырылып отпырған Іле өзені Қапшағай шатқалы бекетінің жалпы физико-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері жайында сипаттама берілген.
Жұмыстың басты мақсаты-өзенің су режиммінің сипаттамаларын есептеу. Су өтімінің қамтамасыздық қйсығын тұрғызыу, ең жоғарғы, орташа, ең кіші су өтімдері бойынша су өтімінің қамтамасыздық қисығы, біріккен гидрограф тұрғызу арқылы типтік гидрограф тұрғызылды.
Жұмысты орындау барысында көптеген мәлметтер ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі

1 ТҮС КӨРУДІҢ ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
1.1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудиторлық жоспарлау және оның масштабы

Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау шараларын бастауға болады. Аудитор анықтау керек, жағдайға сәйкес қандай дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен жинау керек. Бұл процесс белгіленген жолмен тексеруді талап етеді, сондай – ақ, стратегияда болып табылатын, осы арқылы аудитор шынайы мәліметтер ала отырып, қаржылық есептілік туралы ой – пікірін жазуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тексерудің стратегиясы тексеру жүргізгенде мүмкіндігінше мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы талдау негізі болып табылады және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне байланысты аудиторлық серіктестік фирмалар мен клиенттің ұзақтығына, яғни клиенттің біліктілік деңгейі, аудитормен шығарылатын есептің ерекшеліктері және басқа да факторлар. Стратегияла тексеріс шараларының көлемі мен уақыты бөліп тарату әдісі көрсетілген, аудиторлық дұрыс тексеріс жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл тексеріс жүргізудегі жалпы жоспар мен бөлшек шараларының арасынмдағы байланыстырушы буын болады, бағдарлама мазмұнында қаралған, сонымен қатар белгіленген шаралардың нәтижелік пен тиімділікті бағалаудың негізі болып табылады.
Аудиттің 200 халықаралық стандартына сәйкес «Қаржылық есептілік аудитін реттеудің мақсаты мен жалпы қағидалары» термин «аудит ауқымы» аудиттің шараларына жатады, кейбір жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажет етеді. Қаржылық есептілік аудитінің ауқымын анықтаған кезде 3 негізгі сатысын бөліп көрсетуге болады.

Аудит шараларын жоспарлау және құрастыру

Қаржылық есептілік элементтерін тексеру

Ой-пікір құрастьыру және қорытындыны жасау

1- сурет. Қаржылық есептілік аудитін жүргізудің сатылары.

Аудитті жоспарлаудың мақсаты. Аудиттің 300 халықаралық стандартының «жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты - тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды проблемеларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар, тапсырысты аудитор, асистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар құру керек, оның мақсаты: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0