Шығарма: Менің Отаным

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру заңы | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ІСІН ЖЕТІЛДІРУ

КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты . Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді , тек бұдан бірнеше жыл бұрын Мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес , дербес сақтандыру ұйымдары құрылып , дами бастады .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады . Бұрындары тек шетелдерде қолданылып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда .
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады . Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан , ерте кезде пайда болған . Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап , адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында. Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтық экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық заңдылықтарына сүйенсе , екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшілігімен сипатталады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН-2030 стратегиясы-әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың әл-аухатын жақсарту бағдарламасы

Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
7. Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық ахуалы

Қазақстан Республика болып жарияланғаннан кейін еліміздің тәуелсіздігінің тұрақтылығы ретінде 1993 ж өз конституциямызды қабылдап демократиялы ел ретінде жарияландық. Ел басшылығы яғни басты байлығы халық демекші халқымыз тарихында ең ауыр жағдайларды бастан кешірді. Патшалық Ресейді алсақта, кеңестік өкіметті алсақта қазақтың саны көрші одақтас тыстас түркі халықтарынан саны жағынан азшылықты құрап келді.
Оған себеп 1930 жылдардағы алапат ашаршылықтан қазақ халқы 2 млн-дай адамнан айырылды десе кейбір деректерде Н.Е.Масанов қазақ халқын 1794,4 мың қазақ яғни 46,8%-құраған халық қырылғын дейді. Жалпы 1937 ж жалпы одақтық санақ кезнде халық санының 10%-ы кірмей қалған онын саясат астарына үңілуден басқа шара қалмады. Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық хал ахуалын зерттеп оны түпкілікті зерттеу жасаушы, зерттеуші ғалымдарымыз саусақты санарлықтай-ақ. Осы тақырыпта оның барынша шындық әлпетін алып көрсету болатын оны алдағы зерттеулер қорытындыларынан қорытынды нәтиже айтармыз. Зерттеудің нысаны ретінде алынады. Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан халық қоныстануының жүйесі және халықтың демографиялық әулеті болуымен қатар әлем қауымдастығы алдында назарда тұрғанын ерекше халқымыздың демографиялық ғылымының неізгі бағыттары өкілдерінің және халықтар жалпы ғалымдардың еңбектері болып табылады. Зерттеуді әдістемелік қамтамасыз ету мәселесі бағдарламалық тәсілдер, жүйелік және картографиялық әдістерді құрылымдық әрекеттік жолдар әдістемелерін т.б. қамтиды. Соларды қамти отырып зерттеу жұмыстарын жүргізсек статистикалық мәліметтермен сәйкестендіріп толықтыру болып табылатын және көптеген мәліметтерді салыстырмалы түрде баяндай болып табылатынын айта аламыз ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Анатомия | Қуық жүйесінің аурулары туралы түсінік

Қуық жүйесінің аурулары - малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.
Пиелонефрит дегеніміз - бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.
Цистит – қуықтың қабынуы. Ауру қуыққа жасыл ірің таяқшасының, протеяның және басқа микробтардың енуі салдарынан пайда болады.Аурудың дамуына қуықта несептің іркіліп қалуы себеп болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Қарлығаштын ұясы)

Қарлығаш шыр-шыр етіп ұя салды,
Ұясын қол жетпестей биік салды.
Өзінің балдай сүйген балапанын,
Барымен қорек беріп асырады.
Басында баспана жоқ тарлық қылды,
Бар тапқаны күнен-күнге аздық қылды.
Шырылдап тамақ сұрап жылағанда,
Шықпас жан ата-ананың....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогика ғылымы

Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесінде сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түмсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Мақсаты: Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысымен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелермен зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі аңықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Жапония танжарык

Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі.

Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Халық педагогикасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі

Кіріспе
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0