Пән: 
Қазақ тілі Бөлімі: Жанды табиғат 
ТАҚЫРЫБЫ: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (1)
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)	3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.1.1 көмекші сөздер арқылы  пайымдау мәтінін   және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:	
Барлық оқушылар жасай алады:
	•	сұхбаттасының  айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
•	тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
•	мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген  сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
•	үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді, үлгі негізінде жазады;
	Оқушылардың көбі жасай алады:
	•	қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
•	көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
•	мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
•	кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
	Оқушылардың кейбірі жасай алады:
	•	қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
•	пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;
•	мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап  береді;
•	кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;.....