Курстық жұмыс: Құқық | Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу принциптері

Қазiргi жағдайда Қазақстан Республикасындағы жүрiп жатқан экономикалық өзгерiстер, нарықтық қатынастың дамуы, жаңа туындаған құқықтық қатынастарды реттейтiн заңдардың қалыптасуы азаматтық сот iсiн жүргiзуде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын күшейтудi талап етедi.
Осыған байланысты прокуратураның ролi елеулi түрде өсуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлгендей, прокуратура мемлекет атынан республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Осы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдарының құқықтар мен мiндеттер жүктелген. Сол құқығының бiрi сотта қаралып жатқан азаматтық iстерге қатысуы. Бұл прокуратура органдарының қызметiнiң бiр бағыты ғана. Прокуратура органдары азаматтық iс жүргiзiудiң барлық сатыларына қатыса алады. Оның соттағы азаматтық iс жүргiзуде қатысуына басты себептердiң бiрi болып азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, сондай-ақ сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу бiрнеше сатыдан тұратынын бiлемiз. Бұл сатылардың барлығы азаматтық iс жүргiзуде алатын орындары ерекше және әрқайсысы өзiнше маңыздылығымен ерекшеленедi. Осы жалпы азаматтық iс жүргiзуге прокурордың қатысуы менiң бiтiру жұмысының зерттеу объектiсi.
Азаматтық iс жүргiзуге қатысатын прокурордың процессуалдық жағдайы қандай? Бұл сұрақ бұрыннан берi процесуаллист ғалымдардың арасында пiкiр талас тудырып келе жатқан мәселелердiң бiрi.
Прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы ретiнде оның процессуалдық жағдайы қандай екендiгi, басқа қатысушылардан айырмашылығы қандай, оның азаматтық iс жүргiзудегi қатысу ерекшелiктерi, iске қатысу нысаны менiң осы жұмысымда зерттелiп қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі. Прокуратура органдарының қызметі кез келген саладағы заңдылықтың сақталуын қадаалау болып табылады. Сол себепті прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жалпы заңдылықтың сақталуын дамытуға, құқық қолдану процесін барынша тиімді етіп ұйымдастыруға көмектеседі. Жұмыс барысында прокурордың заңдылықты қадағалау мақсатында азаматтық іс жүргізуге өз бастамасымен немесе тараптардың иалап етуі бойынша қатысуыныңы өзара айырмашылықтары, ерекшеліктер және ұқсастықтары қарастырылған. Сондай-ақ, прокрордың ІІ сатыда, апелляциялық негізде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс қарауға қатысудың құқықтық қажеттілігі, негіздері, іс бойынша шешім шығаруға тигізетін әсері баяндалған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған

Ертегінің мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі гүлдер, шарлар, құстар ілінеді.
(Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді).
Ән ұран
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің «Жолың болсын, балдырған!» қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!.
Құттықтау сөзін мектеп директоры: Бірманова Қымбат Исланбекқызына береміз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Лаззат Шәкейқызына береміз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Түйіп айтсам өмірімнің мазмұнын)

Түйіп айтсам өмірімнің мазмұнын,
Теріп те мен үлгермедім жаз гүлін.
Киіз тірлік мойтап қылып жүзімді,
Өзімді-өзім қинамаған аз күнім.
Не істеу керек?!
Басқа амалын таппадым.
Өтіріктің барабанын қақ тағы!
Төске салып,
Балғаменен батпандай .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үзіліс ережелері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы : Үзіліс ережелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) 2.2.3.1 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды;
2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің құрылымына қарай түрлерін ажыратады
Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 9-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.1.1 композицияны тұтастан-бөлшекке, бөлшектен-тұтасқа қарай талдау;
Сабақ мақсаты: әңгіме композициясын талдау, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу жолдарының негіздері

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу

жолдарының негіздері



Асқазан сәлінің қышқылдығын төмендету ойық жараның жазылуын тездетеді. Осы мақсатта Н2-гистамин рецепторларының тежегіштері (циметидин, ранитидин, фамотидин және низатидин) қолданылады.

Асқазанның іргелік жасушаларының тұз қышқылын өндіруінде Н+-, К+-АТФаза ферментінің маңызы үлкен. Сондықтан осы ферментті тежейтін дәрі-дәрмектер (омепразол ж. б.) асқазан сөлінің қышқылдығын азайтып, ойық жараыың тез жазылуына әкеледі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Топалаң

Топалаң – жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл шаруашылық малдарының барлығы және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған кезде көршиқандар шығады, түрлі ағзалары серроздық-геморрагиялық қабынады. Қоздырғышы капсула мен спора құратын Bacіllus anthracіs бацилласы жер қыртысында көбейеді және ондаған жылдар бойы сақталады. Сондай-ақ суыққа да төзімді болады. Ауру қоздырғыштарын таратудың негізгі көзі – сыртқы ортаға бөлініп шығатын ауру малдардың зәрі, сүті, сілекейі. Топалаңнан өліп, кезінде жиналмаған қой өлексесі өте қауіпті. Қоздырғыштары тері зауыттарының, мал көмген орындардың маңайында, жайылымдарда, мал су ішетін орындарда жиі кездеседі. Ауру көбіне жазда (шілде – тамыз айларында) байқалады. Ауырған мал жүріп келе жатып тоқтап қалады, мойнын соза береді, танауы делдиіп, аузын ашып, ауыр тыныс алады, кейбіреулері қанды зәр шығарады. 2 – 16 сағат ішінде мал жүре алмай, жығылып қалады, аяқтары тартылады, мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Өлексесі өте тез ыдырайды. Малдың іші кеуіп, ісінеді, көкбауыры тым үлкейіп, қанға толып тұрады. Күйіс қайыратын малдарда және жылқыда жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілейді, сілекейлі қабығы көгереді, тәбеті нашарлайды, дірілдеп, денесінің әр жерінде жаралар пайда болады. Шошқалардың мойнында ісік пайда болып, тыныс алу мен жұтыну қызметі бұзылады. Топалаңның алдын алу үшін бүкіл малға СТИ-1 немесе ГНКИ вакцинасын егеді. Бұған қоса жайылымдар, қой суаратын орындар, үй маңындағы телімдер малдәрігерлік-санит. талаптарға сай болуы тиіс. Адамдарға Топалаң ауру малдарға күтім жасағанда, мал өнімдерін өңдеу кезінде, ауру малдардың сүті мен етін тағамға қолданғанда жұғады. Клиник. белгілері – көршиқандардың пайда болуы, ішектердің, кейде өкпенің зақымдануы.



Пайдаланылған әдебиет



"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қайсар Гүл жайлы ертегі

Мұнда қашан түскенін білмейді. Жер бауыры жылынғалы өзінің бас көтергісі келіп, ерекше бір сезім өн бойында тулап жатқанын сезді. Бірақ, еңсесін қанша көтерейін десе де, бойын тіктей алар емес. Әсіресе соңғы кездері жаңбыр көп жауып, топырақпен бойына нәр жүгіргелі асау сезім тіпті бұлқынып кетті. Бұрынғыдай емес, денесіне жылу да көп келетін болды. Ол өзін құрсауынан шығармай тұрған асфальттан сұрады:

— Білесіз бе, маған бұл жерден басқа бір керемет......
Ертегілер
Толық
0 0